Анықтама

Савельева Татьяна Михайловна

993

Қазіргі лауазымы: ҚР Қаржы вице-министрі


  • Туған жылы: 1976

Отбасылық жағдайы: Тұрмыста, екі ұлы бар.

Білімі: 2001 жылы «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша Ақмола аграрлық университетін,

2007 жылы «Экономика» мамандығы бойынша Еуразия ұлттық университетін бітірді. 


Еңбек жолын 1999 жылы Астана қаласының Қаржы басқармасында жетекші маман болып бастады.


2002 жылғы мамырда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігін Мемлекеттік бюджет департаменті республикалық бюджетті әзірлеу басқармасының бюджетті әзірлеу бөлімінің бас маманы болып қабылданды.


2002 жылғы қазаннан бастап 2008 жылғы қарашаны қоса алғанда Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде әртүрлі лауазымда: бас маман, бөлім бастығы, Басқарма бастығының орынбасары, бас сарапшы, Бюджет саясаты және жоспарлау департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.


2012 жылғы маусымнан бастап 2013 жылғы ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаментінің директоры қызметін атқарды.


2013 жылғы наурыздан бастап 2014 жылғы қазан аралығында – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаментінің директорының орынбасары, департамент директоры.


2014 жылғы қазаннан бастап 2016 жылғы сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры.


2016 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі лауазымында.


2013 жылы Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен, 2015 жылы «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалімен марапатталды.

Бөлісу: