Анықтама

Сапаров Айдарбек Сейпелұлы

1610

Қазіргі лауазымы: ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі


Туған жылы: 1966 жылы 12 маусымда 

Туған жері: Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 

Білімі: Омбы ауылшаруашылығы институтын (1992), 

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2006) зооинженер мамандығы, мемлекеттік басқару бакалавры бойынша тәмамдаған.


Еңбек жолын 1984 жылы совхоздың бухгалтері болып бастаған.


1992-1995 ж.ж. – зоотехник- орындаушы, Калинин атындағы шаруашылықтың коммерциялық директоры.


1995-2003 ж.ж. – директор, «Ноғайбай» ЖШС бас директоры.


2003-2005 ж.ж. – «Азық-түлік келісім – шарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары.


2005-2006 ж.ж. – «Азық-түлік келісім – шарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының бірінші орынбасары.


2006 ж – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы.


2006-2008 гг. – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі


2008-2010 гг. –Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі


2010-2011 гг. – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары  


2011 г. – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы  18 наурыздағы қаулысымен Сапаров Айдарбек Сейпелұлы  ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі болып тағайындалды.


«Құрмет» орденімен, «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медальмен марапатталған.

Бөлісу: