Қазіргі лауазымы: ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы
- Туған жылы: 1975 жылы 12 желтоқсанда
-
Туған жері: Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Төгіскен ауылында туған.
-
Білімі: 1996 жылдың қыркүйегінде Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін аяқтаған.
Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін ҚР ҒА МН Микробиология және вирусология институты микробтық құралдар зертханасының аға зертханашысы болып жұмыс істеген.
1996 жылғы желтоқсаннан бастап 2017 жылғы қыркүйкке дейін Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әртүрлі басшы лауазымдарында қызмет атқарған.
2017 жылғы қыркүйектен бастап 2019 жылғы шілдеге дейін - Қазақстан Республикасы ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет істеген.
2019 жылғы 19 шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы.
Үйленген, төрт бала тәрбиелеуде.
Қызмет атқару кезеңінде екінші дәрежелі мемлекеттік «Айбын» орденімен, үшінші дәрежелі «Қазақстан ҰҚК-КНБ», екінші және үшінші дәрежелі «Ұлттық қауіпсіздік қалқаны», «ФҚҚ-нің Қазақстандағы ресми өкілдігі», «Қазақстан полициясына 25 жыл» төс белгілерімен, «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін», «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық Бірлік», «ІІМ-дегі мінсіз қызметі үшін», «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін», медальдарымен, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» «ҚР ҰҚК Академиясына 20 жыл», «Астана қаласына 20 жыл» және т.б. мерейтой медальдарымен марапатталған.


-
1Бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтықтан оқиды1562Елімізде өткен тәулікте 795 адам вирус жұқтырған1223БҚО-да қолайсыз ауа райы салдарынан 22 ауыл жарықсыз қалды1054Алматыға қалыңдығы 20 см қар жауды895Мұнайлыдағы құс фабрикасы жылына 150 тонна ет өнімін шығарады – Маңғыстау облысы.88
-
1Қанат Айтбаев Димашты "қырғыз" дегендерге жауап берді12156225 жастағы депутат Мәди Ахметов Маминге алты талап қойды106923Әкемнің 90 жылдығы – айтулы мереке. Мақатаевтың қызы орыс тілінде құттықтау жолдады105064Инклюзивті білім. Педагогтердің жалақысы 40 пайызға өседі72935Өзбекстан Қазақстанның талабына келіспеді.6658