Қазіргі лауазымы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы
-
Туған жылы: 10 шілде 1978 жыл
-
Туған жері: Шымкент қаласы.
-
Білімі: әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін екі шет тілінде халықаралық құқық, заңгер мамандықтары бойынша тәмамдаған,
-
Заң ғылымының кандидаты.
Еңбек жолын 1998 жылдан «Дәнекер» халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтының заңгері, қызметінен бастады.
2000 - 2002 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігінің Заң департаменті құқықтық сараптама басқармасының құқықтық мәселелер және құқықтық түсіндірулер жөніндегі даулар бөлімінің бас маманы болып еңбек етті.
2002 - 2005 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Заң шығару және құқықтық сараптама бөлімінің бас сарапшысы болды.
2005 - 2011 жылдары Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етті.
2011 - 2015 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.
2015-2017 жылдары Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының әкімі болды.
2017-2019 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы
2019 жылдан ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы


-
1Енді мұғалімдерді жұмысқа директорлар қабылдамайды89452Кибербуллинг. Кінәлілерді анықтау қарастырылмаған69003Қырғыз Президенті Тоқаевқа Жұбан Молдағалиевтің өлеңін оқып берді61634Енді шалғай ауылдарға жылжымалы дәріхана пункттері баратын болады54885Депутат заңды зерделемей, желіде даурықпа әңгіме тарататындар туралы айтты.5466