Сұлтанбаев Қайсар Әбілекұлы
2916Қазіргі лауазымы: ҚР ІІМ Тыл департаментінің бастығы
Туған жылы: 1968 жылғы 30 тамыз
Туған жері: Жамбыл облысы Жуалы ауданы Кременевка ауылында туылған.
Білімі: 1990 жылы КСРО Қызыл Жұлдыз орденді Рязань жоғары әскери автомобильдік инженерлікучилищесін бітірді.
Ішкі істер органдары жүйесіндегі жалпы еңбек өтілі - 32 жыл. Қ.Ә. Сұлтанбаев өзінің еңбек жолын 1990 жылы оқуды аяқтағаннан кейін КСРО ІІМ Ішкі әскер басқармасы моторландырылған полк взводының командирі қызметінен бастады. Екі жылдан кейін 1992 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскер жеке бригадасының автоброньды танк қызметінің бастығы болып тағайындалды.
Жалпы алғанда Қ.Ә. Сұлтанбаев 20 жылдың көлеміндебасшылық қызметтерді атқарып келеді. Оның көпшілік бөлігі жол полициясы қатарындағы қызметтерге арналған.Еліміздің түрлі аймақтарында бірнеше рет жол полициясы бөліністерін басқарды.Бұл оған жергілікті жерлердегі болған жедел жағдайларды жеке өзі танып-білуіне мүмкіндік берді.
1999-2014 ж.ж. аралығында Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстарының ІІД ЖПБ басшысы болып қызмет атқарды.
2015-2017 ж.ж. аралығында Ішкі істер министрлігінің Орталық аппаратында Автокөлік шаруашылығы бөлінісін басқарды.
Жоғары кәсіби дайындық деңгейі мен практикалық қызметтегі айтарлықтай тәжірибесі Қ.Ә. Сұлтанбаевқа өзіне сеніп тапсырылған бөліністі кәсіби қателіктер мен төмен нәтижелерге жол берместен үйлесімді, айқын басқаруына мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 203ж/қ бұйрығымен полиция полковнигі Сұлтанбаев Қайсар Әбілекұлы қазіргі уақытта атқарып отырған қызметі Қазақстан Республикасы ІІМ Тыл департаментінің бастығы болып тағайындалды.