Қазіргі лауазымы: Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы
-
Туған жылы: 1976 жылғы 24 ақпан
-
Туған жері: Алматы облысы Шелек ауданы Қаратүрік ауылында дүниеге келді.
-
Білімі: 997 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін,
-
2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын,
-
2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірді.
1997 жылғы шілдеден бастап салық органында маман, салық инспекторы, аға салық инспекторы, жетекші салық инспекторы, бас салық инспекторы, бөлім бастығы, Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің Басқарма бастығы лауазымдарында қызметін бастады;
2002 жылғы тамыздан 2006 жылғы шілдеге дейін Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Салық комитетінің Аудит бөлімінің бастығы;
2006 жылғы шілдеден 2007 жылғы ақпанға дейін Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің Салық апелляциясы, түсіндіру және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы;
2007 жылғы ақпаннан 2008 жылғы шілдеге дейін Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің Салық аудиті басқармасының бастығы;
2008 жылғы шілдеден 2010 жылғы желтоқсанға дейін Алматы қаласы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары;
2010 жылғы желтоқсаннан 2011 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден саясаты талдау және болжамдау департаментінің директоры, Астана қаласы;
2011 жылғы қазаннан 2012 жылғы қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамалары мәселелерін үйлестіру, кірістерді талдау және болжамдау департаментінің директоры, Астана қаласы;
2012 жылғы қарашадан 2013 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі, Астана қаласы;
2013 жылғы шілдеден 2014 жылғы қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі («А» корпусы), Астана қаласы;
2014 жылғы қарашадан 2017 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы;
2017 жылғы маусымнан 2018 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі, Астана қаласы;
2018 жылғы қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы.
Мерекелік медалімен марапатталды.

-
1Алматы облысында мас жүргізуші 32 қойды басып кеткен3442Барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды3023Қарағанды облысында тұрғындарды алдап келген алаяқтар ұсталды2914Петропавлда жылына мың «Урал» мотоциклі шығарылады2715Елордада жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырылды232
-
1Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері77052Аймағамбетов қаржылық дербестік туралы: Білім басқармалары мектептерге бостандықты бергісі келмейді74713Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды67154Теңге спектаклі. Ұлттық валютаның күрт өсуіне не себеп болды?55985БҒМ қанша директор ротациядан өткенін мәлімдеді4833