Анықтама

Сүлейменов Жанат Қуанышұлы

1960

(1962-2022)


Полиция генерал-майоры 

Туған жылы: 1962 жыл 22 шілде

Туған жері: Қарағанды облысы. 

Білімі: 1984 жылы ҚСРО ІІМ-нің Қарағанды жоғарғы мектебін бітірген, мамандығы бойынша «заңгер», 

2001 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Академиясын бітірген.

1980 жылғы қыркүйек және 1984 жылғы шілде аралығында - ҚСРО ІІМ-нің Қарағанды жоғарғы мектебінің тыңдаушысы.


1980 жылғы тамыз және 2004 жылғы желтоқсан аралығында – ішкі істер органдарының басшы лауазымдарында қызмет атқарған.


2004 жылғы желтоқсан және 2009 жылғы ақпан аралығында – Павлодар облысының ІІД бастығының бірінші орынбасары.


2009 жылғы ақпан және 2011 жылғы ақпан аралығында – ІІМ-нің Есірткі бизнесіне қарсы және есірткі айналымын бақылау комитетінің төрағасы.


2011 жылғы ақпан және 2012 жылғы ақпан аралығында – ІІМ-нің Криминалдық полиция комитетінің төрағасы.


2012 жылғы ақпан және 2013 жылғы шілде – Көліктегі Ішкі істер департаментінің бастығы.


2013 жылғы шілде және 2014 жылғы қазан аралығында - ІІМ-нің Криминалдық полиция комитетінің төрағасы.


2014 жылғы қазан және 2016 жылғы тамыз аралығында – Қызылорда облысының ІІД-нің бастығы.


2016 жылғы тамыз және 2017 жылғы желтоқсан аралығында – Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД-нің бастығы.


2017 жылғы желтоқсан айынан бастап Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары


2019 жылдың сәуір айында Мемлекет басшысының Өкімімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

2020-2022 жылдары Жамбыл облысының полиция департаментінің бастығы


2-ші дәрежелі «Айбын» орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Ішкі істер органдарының ардагері» медальдарымен, «ІІМ үздік қызметкері» төсбелгісімен, мемлекеттік және ведомстволық наградалармен наградталған.

Бөлісу: