Сүлейменов Олжас Омарұлы
2576
Қазіргі лауазымы: Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы төтенше өкілетті елшісі және тұрақты өкілі
Туған жылы: 1936 жылы 18 мамырда
Туған жері: Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі: 1959 жылы ҚазМУ-дің геология факультетін бітірген.
М.Горький атындағы Әдебиет институтында оқыған.
1962–1971 жылдары «Казахстанская правда» газеті редакциясында бөлім меңгерушісі, «Қазақфильм» киностудиясы сценарийлік-редакциялық алқасының бас редакторы, «Простор» журналының бөлім меңгерушісі,
1971–1981 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы,
1981–1983 жылдары Қазақ КСР кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы,
1983–1991 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы, ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, «Невада-Семей» қозғалысының төрағасы,
1995 жылдан Қазақстанның Италиядағы төтенше өкілетті елшісі болды. Бүгінде Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы төтенше өкілетті елшісі және тұрақты өкілі.
Туындыларын орыс тілінде жазады. Өлеңдері мен поэмаларының алғашқы жинағы – «Арғымақтар» (1961) шыққаннан кейінгі жылдардан бері «Адамға табын, Жер, енді» өлеңдері бүгінгі ТМД елдері халықтарының көптеген тілдеріне, шет ел тілдеріне аударылып, жеке-жеке кітап болып бірнеше рет басылды. Кинодраматургия, әдеби зерттеу саласында да еңбек етіп жүр. Оның жазған сценарийі бойынша «Атамекен», «Көгілдір маршрут», «Қыс – қолайсыз маусым», «М.Әуезов туралы сөз», «Үндістан сазы», «Жастық шақ заставасы», т.б. фильмдер түсірілген. «Аз и Я», «Язык письма» атты тілге қатысты зерттеулері жарық көрді. «Жалынның шалқуы» атты өлеңдер жинағы француз тілінде шықты.
Ядролық сынаққа қарсы «Семей-Невада» қозғалысының, Халық Конгресі партиясының лидері. Қазақ КСР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының (1967), Қазақстан комсомолы, БЛКЖО сыйлығының (1966) лауреаты. Қазақстанның Халық жазушысы. Қазақстан Меценаттар клубының «Тарлан» сыйлығының (2000) лауреаты.
Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі», Октябрь Революциясы, І дәрежелі «Барыс» (2001), «Отан» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Азербайжан Республикасының «Шухрат» орденімен, Украинаның «Ярослав Мудрый», Шешен Республикасының, Францияның және Ресейдің «Достық» ордендерімен марапатталған.
Шығармалары: Арғымақтар. Өлеңдер мен поэмалар. А., ҚМКӘБ, 1961; Адамға табын, Жер, енді. Поэма. А., ҚМКӘБ, 1961; Нұрлы түндер. Өлеңдер мен поэма. А., ҚМКӘБ, 1962; Қылықты түн. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1963; Шапағатты шақ. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1964; Мешін жылы. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1967; Таңдамалы лирика. М., «Молодая гвардия», 1968; Қыш кітап. Поэмалар. А., «Жазушы», 1969; Ақ дария аспаны. Өлеңдер мен проза. Т., Ғафур Ғұлам атындағы көркем әдебиет баспасы, 1970; Атамекен. Өлеңдер мен поэма (қазақшаға аударған Қ. Мырза Әли). А., «Жазушы», 1972; Әр күн – арайлы таң. Өлеңдер. М., «Огонек» кітапханасы. 1973; Жұмыр жұлдыз. Өлеңдер. М., «Советский писатель», 1975; Қалаулы қайырма. Таңдамалы өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1973; «Аз и Я». Зерттеу кітабы. А., «Жазушы», 1975; Көңіл көкжиегі. Таңдамалы өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1976 (екінші басылымы, 1980); Жалынның шалқуы. (Трансформация огня). Өлеңдер мен проза. 1) Париж. «Галлимар», Француз тілінде. 1981; 2) А., «Жалын», 1983; 3) Қайта басылымы, 1985; Әр күн – арайлы таң. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1986; Асқардан асу. А., «Жазушы» 1987.
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
Қазақстан-Түрікменстан: Каспий арқылы көлік және логистика бағыттары кеңейеді
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
«АҚШ-тың Қазақстанға салған баж салығы ел экономикасына әсер ептейді...»
Нұрсұлтан ЕРБОЛАТҰЛЫ
Қаржы сарапшысы
«Миграция және рубль: Экономиканы тіреп тұрған сыртқы табыс»
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
«5-ші, 6-шы, 2-ші РЕСПУБЛИКА ұғымдары туралы» -
1Нигерияда мешітте жарылыс болып, кем дегенде жеті адам қаза тапты67621 қаңтардан бастап не өзгереді?5873Төсекте жатқан науқасты ұрған дәрігер жұмыстан шығарылды5354Трамптың Тоқаевты G20-ға шақыруы Қазақстанға не береді? – саясаттанушы түсіндірді4835Ақтау маңындағы әуе апатына бір жыл: аман қалғандар әділеттілік талап етуде468
-
12026 жылдан бастап ажырасу, паспорт пен жүргізуші куәлігін жасату қымбаттайды649082Қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары қайда кетеді2988132026 жылы бала туған аналарға қанша теңгеден төленеді?250134Жалдамалы пәтерде тұрып жатқандар үйлерін босатады – әкім жауап берді1933452026 жылы зейнетақы жинағынан қанша теңге шығарып алуға болады?18387