Анықтама

Қалтаева Ляззат Молдабекқызы

518

Қазіргі қызметі: ҚР Парламент сенатының депутаты

Білімі: 1983 жылы Бүкілодақтық өнер институтында графика және станокшы мамандығын сырттай оқыған.

1991 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін сызу және сызу пәнінің мұғалімі мамандықтары бойынша бітірген.

Университетті Құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

1997 жылы ЌМЭБИ – дағы «Арман» Оқыту Орталығында бағалы қағаздар нарығындағы мәміле бойынша мамандық курсынан өтті. Ұлттық комиссияда емтиханын тапсырып, ойдағыдай аяқтағаннан кейін бағалы қағаздар нарығындағы мәміле бойынша осы салада қызмет атқару үшін сертификат алды.

Еңбек жолын 1987 жылы Алматы қаласының Фрунзенский ауданы мүгедектер қоғамының референт-хатшысы болып бастады. 

1997 жылдан – 2001 жылға дейін «ДАЭКО», «Данекер»,  «Казахстан-Аудит» жабық акционерлік қоғамында бағалы қағаздар нарығындағы мәміле бойынша қызметін атқарды.

2001 жылы мүгедек әйелдер тобының бастамасымен «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігін құрып, осы уақытқа дейін басқарып келеді.

2006 жылы «Алматы қаласының мүгедектер қоғамының қауымдастығы» Заңды тұлғалардың бірлестігі, дәл қазіргі уақытта ЗТБ мен «мүгедектігі бар адамдардың Орта – Азиялық Форумы МОАФ» төрайымы болып сайланды.

Президент жанындағы отбасылық-демографиялық саясаты мен әйелдер ісі жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі.

2022 жылығы 28 қаңтар күні Президент жарлығымен қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.

Бөлісу: