Анықтама

Пірматов Ғалымжан Олжаұлы

1387

Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы


Туған жылы: 1972 жылы туған.

Білімі: 1993 жылы механика, қолданбалы математика мамандығы бойынша Новосибирск мемлекеттік университетін, 

1995 жылы Қазақстанның экономика және болжау менеджменті институтын аяқтады, Іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежісі берілді, 

2001 жылы Atkinson Graduate School of Management, Willamette University бітіріп Іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежісі берілді.


Әр жылдары «Алтын-Тас» БК қаржы директоры, 

AIG Silk Road Capital Management компаниясының инвестициялар жөніндегі директоры, 

«Халық банк» АҚ инвестициялық банкинг департаментінің директоры, 

ҚР экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі, 

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті, 

«Cameco Kazakhstan» компаниясының президенті, 

ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

2017-2021 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасы.

2022 жылы 3 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің №803 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы болып тағайындалды.

«Құрмет» (2016), «Парасат» (2021) ордендерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016) мерейтойлық медалімен марапатталды.

Бөлісу: