Паттеев Шәмшидин Әшенқожаұлы
1524Қазіргі лауазымы: «Қазақ газеттері» ЖШС-нің Бас директоры Редакторлар кеңесінің төрағасы
Туған жылы: 1960 жылы 12 қаңтар
Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі: 1978 жылы Түркістан қаласындағы орта мектепті жақсы тәмамдаған ол еңбек жолын киелі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жанындағы мұражайдың кіші ғылыми қызметкері болып, жөндеу қызметіне қатысудан бастады.
1984 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
1988-1991 жылдар аралығында «Өнер» баспасында редактор,
1991-1994 жылдар аралығында «Алдаспан» жастар шығармашылық бірлестіктері қауымдастығының бас директоры болып қызмет атқарған.
1997 жылдан халықаралық «Түркістан» газетінің бас редакторы болып қызмет етті.
2018 жылдан «Қазақ газеттері» ЖШС-нің Бас директоры Редакторлар кеңесінің төрағасы
Шәмшидин Әшенқожаұлы мемлекетіміздің қоғамдық өміріне белсене араласып жүр. Оның қоғамдық пікірталастарда, түрлі БАҚ-тар арқылы мемлекеттік тіл, оралмандар тағдырына орай айтып жүрген сүбелі ойлары ұдайы көпшіліктің қолдауына ие.
Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 10 жылдығы», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған
-
1Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге ескерту жариялады211962Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап не өзгереді20375310 жылдан кейін планета жоқ болуы мүмкін - Мэлс Елеусізов201724Некесін қиған күні қайтыс болған жігіт ісі: Ахметжанов тың дерек айтты140615Алматыдағы үйлердің бірінен қарт ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды12297