Қожаев Марат Шәдетханұлы
5638Қазіргі лауазымы: ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары
Туған жылы: 1964 жыл 23 ақпан
Білімі: 1989 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірді;
2001 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ академиясын заң факультетін бітірді.
1984-1985 жылы - Алматы облысы Ішкі істер департаменті Қаскелең ауданы ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау абақтысының полиция қызметкері;
1985-1989 жылдары - КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің студенті;
1989-1996 жылдары - Алматы облысы ІІД ІІІ, Қаскелең аудандарының тергеушісі;
1996-1997 жылдары - Алматы облысы бойынша Мемлекеттік тергеу комитетінің аға тергеушісі, басқарма бастығы. Алматы облысы Ішкі істер департаментінің тергеу қызметінің ауыр қылмыстарын тергеу бөлімінің бастығы;
1997 жылы - Алматы облысы Ішкі істер департаментінің тергеу қызметінің бастығы;
1997-2001 жылдары - Көліктегі Ішкі істер бойынша Шығыс дирекциясының тергеу қызметінің бастығының орынбасары;
2001-2004 жылдары - Алматы қаласы ІІБ Тергеу басқармасының бастығы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеу бөлімінің бастығы;
2004-2007 жылдары - Алматы қаласы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары;
2007-2009 жылдары - Алматы қаласындағы экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес бөлімінің меңгерушісінің орынбасары (тергеу);
2009-2012 жылдары - Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары;
2012-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы;
2014 жылдың қыркүйек айынан 2017 жылдың желтоқсанына дейін - Павлодар облысы ІІД бастығы.
2017 жылғы желтоқсанда - Астана қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы.
2019 жылдың сәуір айында Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды
Мемлекеттік және халықаралық сыйлықтар, жүлделер, құрметті атақтар: «3 дәрежелі мінсіз қызмет үшін» медалі, «ІІМ-нің еңбек сіңірген қайраткері» төсбелгісі.
-
1Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді3482Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді3273Қазақстандағы құқықтық мәдениет деңгейі қандай?2894Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды2755Бүгін тек бір қалада ауа сапасы нашарлайды271