Қазіргі лауазымы: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі
-
Туған жылы: 1977 жылы 13 шілде
-
Туған жері: Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
-
Білімі: 1984-1994 жылдары - Қ. Мырзалиев атындағы Сырым орта мектебі
-
1994-1998 жылдары - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті.
-
2002-2004 жылдары – Қазақ гуманитарлық-Заң университеті. Құқықтану факультеті.
-
2015-2016 жылдары- Geneva Business school, MBA. Магистр.
1998 жылы «Столичное обозрение-Атамұра» республикалық газетінде журналист ретінде еңбек жолын бастады.. 1999-2000 жылдары Стандарттау, сертификациялау және метрология комитетінде баспасөз хатшысы болып қызмет істеді.
2000 жылы «Интерфакс-Казахстан» ақпараттық агенттігінің тілшісі болды.
2001 жылы «Қазақтелеком» АҚ баспасөз қызметі басшысы лауазымына ауысты. 2007 жылға дейін «Қазақтелеком» АҚ-да кеңесші, атқарушы директор, Корпоративтік сатылымдар дирекциясының бас директоры болып қызмет атқарды.
2007 жылдан 2015 жылға дейін бірқатар телекоммуникациялық компанияларды басқарды, маркетингпен айналысты.
2015-2017 жылдары «Қазмедиа орталығы» ЖШС бас директорының орынбасары, Орталық коммуникациялар қызметінің директоры, «Қазақстан теле-радио корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.
2017-2018 жылдары «Smartway systems» ЖШС Бақылаушы кеңестің төрағасы болып қызмет істеді.
2019 жылдың маусым айынан бастап «Рухани Жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма төрағасы.
2020 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі

-
1Аймағамбетов қаржылық дербестік туралы: Білім басқармалары мектептерге бостандықты бергісі келмейді68652Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды61093Теңге спектаклі. Ұлттық валютаның күрт өсуіне не себеп болды?50904Сәуірден бастап зейнетақы мен әлеуметтік төлем көбейеді41535«Бұлтты бухгалтерия». БҒМ жүйеге көшкен өңірлерді атады2443
