Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы
-
Туған жылы: 12.04.1968 ж.
-
Туған жері: Қызылорда қаласы
-
Отбасылық жағдайы: Үйленген, 2 баласы бар.
-
Білімі: М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университететі (1991 ж.),
-
Философия ғылымдарының кандидаты (1994 ж.)
-
Меңгерген тілдері: ағылшын және француз тілдері
1991 - 1994 М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің философия факультетінің аспиранты
1995 – 1997 Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы
1997 – 1998 Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі
1998 – 2004 Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің Кеңесші-Уәкілі
2004 Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымының жанындағы Өкілетті өкілі
2004 – 2006 Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Бас инспекторы
2006 – 2008 Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі
2008 – 2012 Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы, Эстония Республикасындағы және Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы)
2012 – 2016 Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасы мен Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы)
2016 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған
"Құрмет" ордені, "Құрмет кресі" Латвия Республикасының мемлекеттік ордені, Финляндияның Арыстан ордені (1-ші сыныптағы Командир), “Құрмет" ордені, 2008 ж., “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл", 2015 ж.; “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл", 2016 ж.; “Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл", 2017 ж.; “Астана 20 жыл",2018 ж. мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Дипломатиялық дәрежесі - Төтенше және Өкілетті Елші.

-
1Түркияда өтетін IV ДКО-ға дайындық басталып кетті – Рахат Жақсыбай5572Қызылордалық агроном жылына 20 тонна қозықұйрық өсіреді5413Қызылордалықтың көлігінен граната мен марихуана тәркіленді5064ШҚО-да сапасыз жолдар үшін 11 басшы жауапқа тартылды4775Референдум: ҮЕҰ өкілдері азаматтық қоғам рөлінің нығаюы туралы айтты453
-
1Аймағамбетов қаржылық дербестік туралы: Білім басқармалары мектептерге бостандықты бергісі келмейді73132Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды65663Теңге спектаклі. Ұлттық валютаның күрт өсуіне не себеп болды?54554Сәуірден бастап зейнетақы мен әлеуметтік төлем көбейеді45305БҒМ қанша директор ротациядан өткенін мәлімдеді4217
