Анықтама

Оспанов Дәулет Рысқұлбекұлы

727

 Қазіргі қызметі: «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы

Туған жылы: 1970 жылы 24 қараша

Туған жері:  Оңтүстік Қазақстан облысы

Білімі: Орта мектепті бітіргеннен кейін 1992 жылы Рязань жоғары эскери командалық байланыс училищесін, 2000 жылдары ҚР ҚК Әскери академиясын тәмамдаған. 1988-1992 жылдары Рязан ЖӘКБУ тыңдаушысы болды. Генерал-майор. (05.05.2011).

Еңбек жолы: 
1992-1998 жылдары Жеке гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасы байланыс ротасы байланыс взводының командирі, десанттық-шабуыл батальоны взвод командирі - байланыс бастығы, штабтық рота командирі, батальон командирінің орынбасары - штаб бастығы, батальон командирі, жеке десанттық-шабуыл батальонының командирі.

1998-2008 жылдары ҚР ҚК Әскери академиясының тыңдаушысы, Жеке гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасы тыл бойынша бастығынын (тыл ұйымдастыру-жоспарлау жұмысы бойынша) орынбасары, бригада командирінің тыл бойынша орынбасары - жеке гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасы тыл бастығы, Жеке десанттық-шабуыл бригадасы командирінің орынбасары - штаб бастығы, бригада командирі. 

2008-2010 жылдары ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының орынбасары, қолбасшының әскери дайындық жөніндегі орынбасары - қолбасшы басқармасының жауынгерлік дайындық Басқармасының бастығы. 

2010 жылдың сәуірінен ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - Аэроұтқыр әскерлері штабының бастығы. 

2013 жылғы ақпаннан бастап ҚР Қарушы Күштерінің Құрлық әскерлері Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысы.

2015-2017 жылдары Қазақстан Республикасы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы

2018-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары

2-дәрежелі «Айбын» орденімен (2010), медальдармен марапатталған.

Бөлісу: