Анықтама

Ораз Нұрділда Серікұлы

7189
1556268562_5cc2af4f938b4168885373.jpg

Қазіргі лауазымы: 


Туған жылы: 1981 жылы 2 мамыр

Туған жері: Қызылорда облысында дүниеге келген.

Білімі: 2004 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін,

2013 жылы ҚР ІІМ Қарағанды академиясын «заңгер» мамандығы бойынша, 

2013 жылы Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика факультетін бітірген, магистр. 

АҚШ Майами қаласында журналистика мамандығы бойынша оқыған.


2003 жылдың ақпаны мен 2004 жылдың қарашасы аралығында – 31 канал «Информбюро» корреспонденті, жүргізушісі, Алматы қ.


2004 жылдың  қарашасы мен 2005 жылдың тамызы арылығында – «Астана» телеканалының редактор-жүргізушісі, репортер-аналитигі, Астана қ.


2005 жылдың тамызы мен 2009 жылдың ақпаны аралығында – «Қазақстан» РТРК «Апта.kz» бағдарламасының жаңалықтар жүргізушісі, жүргізуші-редакторы, Астана қ.


2009 жылдың ақпаны мен 2011 жылдың тамызы аралығында – Астана қаласы ІІД Баспасөз қызметінің бастығы.

2011 жылдың тамызы мен 2015 жылдың қаңтары аралығында – ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры, Министрдің баспасөз хатшысы, ведомствоның ресми өкілі.

2015 жылдың қаңтары мен 2016 жылдың маусымы аралығында АҚШ-та «Болашақ» бағдарламасымен оқыған.

2016 жылдың қазаны мен 2017 жылдың тамызы аралығында – ҚР Бас прокуратурасы Аппарат басшысының орынбасары, Бас прокуратураның ресми өкілі.

2018 жылдың ақпаны мен 2018 жылдың қарашасы аралығында – «ОРТ-Евразия» телеканалы Бас директорының орынбасары.

2019-2022 жылдары –  ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі, ІІМ ресми өкілі – баспасөз хатшысы.

Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасымен (БАҚ дамытқаны үшін), Ішкі істер министрінің Құрмет грамотасымен (полиция имиджін нығайтқаны үшін), ҚР Президентінің Алғыс хатымен, ҚР ІІМ медальдарымен, Мәдениет және ақпарат министрінің «Мәдениет саласының үздігі» медалімен марапатталған.

Үйленген, төрт баласы бар.

Бөлісу: