Анықтама

Нығматулин Ерлан Зайроллаұлы

2208

Қазіргі лауазымы: «Атамекен» АЭС президиумының мүшесі


  • Туған жылы: 1962 жылы 31 тамыз

Туған жері: Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Білімі: 1983 жылы — Қарағанды кооператив институтын экономист мамандығын тәмадаған.

Ресей-Қазақстан Қазіргі заманғы Гуманитарлық университетін бітірген.

Экономика ғылымдарының кандидаты. 1999 жылы «Әлемдік экономиканың жаһандану және дағдарыс жағдайындағы Қазақстанның инвестициялық саясатының басымдықтары» атты дессертацияны қорғаған.


1983-84 жылы — Жезқазған облыстық сауда басқармасының ревизоры болды.

1984-1990 жылдары — Жезқазған асхана және рестораңдар трестінің директоры лауазымына тағайындалды.

1990-1991 жылдары — Облыстық сауда басқармасының сауда-саттық базасының директоры болып қызмет етті.

1991-1993 жылдары — «Жезқазған түсті металл» ғылыми-өндірістік бірлестігінің жұмысшыларды жабдықтау бөлімінің бастығы болды.
Балқаш қалалық сауда бөлімінің директоры қызметінде жұмыс істеді.

1993-1998 жылдары — «Ерқанат» сауда үйінің директоры болып тағайындалды.

1998 жылдары — «Пульс» ЖШС-нің директоры болды.

1999 жылдан бастап — Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлiсі II-III-IV шақырылымының депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды.

2011 жылы — Қазақстан Парламентінің Сенаты Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшелігіне кірді.

1999-2011 жылдары — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

2011-2017 жылдары — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты ретінде қызмет етті.

Қоғамдық қызметі:

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясының мүшесі.
Америка Құрама Штаттары Конгресімен ынтымақтастық тобының мүшесі.
Әзірбайжан Республикасы Милли Меджилисімен (Ұлттық Жиналысы) ынтымақтастық тобының мүшесі.

Марапаттары:

·         «Шапағат» медалі

·         2006 жыл — «Құрмет» ордені

·         2008 жыл —  «Достық» ордені

·         бес медальмен марапатталған.

·         Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы мен Приозерск қаласының Құрметті азаматы

·         2011 жылы — РФ Мемлекеттік Думасының құрмет грамотасы

Бөлісу: