Қазіргі лауазымы:
-
Туған жылы: 03.02.1980ж
-
Туған жері: Алматы қаласы
-
Білімі: Ұлыбритания, Лондон қаласындағы Richmond University халықаралық қатынастар факультетінде, сонымен бірге АҚШ, Вашингтон қаласындағы George Washington University халықаралық қатынастар факультетінде оқыды.
-
2001 жылы Қазақ гуманитерлық заң университетінің заң факультетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.
-
2016 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Мемлекеттік аттестациялық комиссиясының шешімімен «Экономика. Инновациялық экономиканы басқару» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі дәрежесі берілді.
Кезінде «Европа плюс» радиосы директорының көмекшісі,
«ТұранӘлем» банкінің заң департаментінде сынақ мерзімінен өтуші,
Қазақстан Президенті әкімшілігінің жалпы бөлім кеңесшісі,
«Алматыфарм» корпорациясының президенті,
«Caspian Indutries Ltd» ЖШС бас директоры,
«Элитстрой» ЖШС директорлар кеңесінің төрайымы қызметтерін атқарды.
Танымал Damiani зергерлік үйінің брендімен Alsara зергерлік бұйымдарының жеке желісін жарнамалаумен айналысқан.
«Жаңа продакшн әлемі» ЖШС-нің құрылтайшысы.
Экологиялық тақырыптағы «Жандауа» деректі фильмінің продюсері, 2012 жыл.
«Анаға апарар жол» фильмінің бас продюсері
«Томирис» тарихи кинокартинасының бас продюсері
2013 жылы зергерлік өнерде ұлттық идеяларды жаңғыртқаны үшін Fashion TV Awards сыйлығына ие болды
2018 жылы «Анаға апарар жол» («Дорога к матери») толық метражды фильмін түсіруге қатысқаны үшін әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықты иеленді


-
1Халық вакцинаның жағымсыз әсерлері барын да, жоғын да білуі керек – дәрігер1632Елімізде өткен тәулікте 1397 адам вирус жұқтырған1273Қызылордада алаяқ әйелдің әрекеттері әшкереленді864AstraZeneca вакцинасының тиімділігі күмән туғызды685Май ауданында 1000 тонна өнімге арналған көкөніс қоймасы салынады – Павлодар облысы.66
-
1Балабақшалар, мектептер мен колледждер аттестаттаудан өтетін болады – министр179792Мәжіліс депутаты шулы заңға қатысты түсінік берді67983Дәрігерлер ер адамның өмірін қысқартатын өнімді атады67674Үкімет қашан ауысатыны белгілі болды51365Сауалнама: Халық қай партияны таңдайтынын көрсетті.2843