Надыров Камалжан Талғатұлы
1778Қазіргі лауазымы: ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының басқарма төрағасы
-
Туған жылы: 1983 жылы 27 ақпан
-
Туған жері: Алматы қаласында дүниеге келген.
-
Білімі: 2006 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ медицина университетін,
-
2009 жылы «Экономист» мамандығы бойынша «Туран» университетін,
-
2014 жылы «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша Жоғары қоғамдық денсаулық сақтау мектебін бітірді.
-
Қазіргі уақытта «Бизнес әкімшілендіру» (Executive MBA) мамандығы бойынша Executive MBA «Назарбаев Университеті» ДБҰ-да оқиды.
Әртүрлі жылдары Duke University, «The Fuqua School of Business» (АҚШ), «Parkway College» (Сингапур), «Florence Nightingale» (Түркия) клиникалар тобы, «Oxford «Social Health Insurance system» (Германия) оқудан өтті. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. Бірқатар баспа жұмыстарының авторы және қоса авторы болып табылады.
Өзінің еңбек жолын Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында – клиника ординаторы болып бастады, одан кейін ұйымдастыру-әдістемелік бөлімді басқарды, Бас директордың әкімшілік-экономикалық қызмет жөніндегі орынбасары болды.
2014 жылдан бастап 2016 жыл аралығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде – Стратегиялық даму және Медициналық қызметтерді стандарттау департаменттерде басшылық лауазымдарында қызмет атқарды «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» туралы заң жобасын әзірлеу жөніндегі топ жұмыс тобының мүшесі болды.
2016 жылдан бастап 2017 жыл аралығында «Назарбаев Университеті» ДБҰ-ның Республикалық диагностикалық орталығын басқарды.
2017 жылдан 2019 жылға дейін Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды.
2019 жылғы 27 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды.
Мемлекеттік наградалары - «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Бірлік» - Қазақстан халқы Ассамблеясының медалі .
Ведомстволық наградалар - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі.
-
1Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді2762Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді2703ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді2214Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды2115Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті189