Қазіргі лауазымы: Атырау облысы әкімінің орынбасары
-
Туған жылы:1963 жыл
-
Туған жері: Атырау облысы, Махамбет ауданы, Таңдай селосында дүниеге келген,
-
Білімі: 1994 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтын «зооинженер» мамандығы бойынша бітірген;
-
2001 жылы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша аяқтаған;
-
2003 жылы Қайнар университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1980-1981 жылдар аралығында Таңдай орта мектебінде «дене тәрбиесі» пәнінің мұғалімі болып бастаған.
1986-1987 жылдар аралығында «Бақсай» асыл тұқымды қой кеңшарында мал дәрігері болып қызмет еткен.
1987-1989 жылдар аралығында «Бақсай» асыл тұқымды қой кеңшарында комсомол ұйымының хатшысы болып қызмет атқарған.
1989-1992 жылдар аралығында Махамбет аудандық комсомолдар комитетінде І, ІІ хатшысы болып еңбек еткен.
1992-1993 жылдар аралығында Махамбет ауданы әкімшілігінің жастар ісі жөніндегі, экономика комитеттерінде төраға қызметтерін атқарған.
1993-1997 жылдар аралығында аудан әкімінің орынбасары-аудандық экономика комитетінің төрағасы болып еңбек еткен.
1997-2008 жылдар аралығында Қызылқоға, Құрманғазы аудандарының әкімі болып қызмет атқарған.
2008 жылдың ақпан-қараша айлары аралығында Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында басшы болып қызмет еткен.
2008-2009 жылдар аралығында Индер ауданының әкімі болып қызмет атқарған.
2009-2010 жылдар аралығында «АИНА» компаниясында бас директордың орынбасары болып еңбек еткен.
2010-2014 жылдар аралығында NCPOC компаниясында қарым-қатынастар бөлімінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі маманы болып қызмет атқарған.
2014-2015 жылдар аралығында Атырау облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарған.
2015-2016 жылдар аралығында Махамбет ауданының әкімі қызметін атқарып келеді.
2016 жылдың мамыр айынан бастап Атырау облысы әкімінің орынбасары.

-
-
1Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері110592Аймағамбетов қаржылық дербестік туралы: Білім басқармалары мектептерге бостандықты бергісі келмейді75243Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды67594Теңге спектаклі. Ұлттық валютаның күрт өсуіне не себеп болды?56425БҒМ қанша директор ротациядан өткенін мәлімдеді4936