Нәутиев Әлібек Ибатоллаұлы
3448
Қазіргі лауазымы: Атырау облыстық маслихатының хатшысы
Туған жылы:1963 жыл
Туған жері: Атырау облысы, Махамбет ауданы, Таңдай селосында дүниеге келген,
Білімі: 1994 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтын «зооинженер» мамандығы бойынша бітірген;
2001 жылы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша аяқтаған;
2003 жылы Қайнар университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1980-1981 жылдар аралығында Таңдай орта мектебінде «дене тәрбиесі» пәнінің мұғалімі болып бастаған.
1986-1987 жылдар аралығында «Бақсай» асыл тұқымды қой кеңшарында мал дәрігері болып қызмет еткен.
1987-1989 жылдар аралығында «Бақсай» асыл тұқымды қой кеңшарында комсомол ұйымының хатшысы болып қызмет атқарған.
1989-1992 жылдар аралығында Махамбет аудандық комсомолдар комитетінде І, ІІ хатшысы болып еңбек еткен.
1992-1993 жылдар аралығында Махамбет ауданы әкімшілігінің жастар ісі жөніндегі, экономика комитеттерінде төраға қызметтерін атқарған.
1993-1997 жылдар аралығында аудан әкімінің орынбасары-аудандық экономика комитетінің төрағасы болып еңбек еткен.
1997-2008 жылдар аралығында Қызылқоға, Құрманғазы аудандарының әкімі болып қызмет атқарған.
2008 жылдың ақпан-қараша айлары аралығында Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында басшы болып қызмет еткен.
2008-2009 жылдар аралығында Индер ауданының әкімі болып қызмет атқарған.
2009-2010 жылдар аралығында «АИНА» компаниясында бас директордың орынбасары болып еңбек еткен.
2010-2014 жылдар аралығында NCPOC компаниясында қарым-қатынастар бөлімінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі маманы болып қызмет атқарған.
2014-2015 жылдар аралығында Атырау облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарған.
2015-2016 жылдар аралығында Махамбет ауданының әкімі қызметін атқарып келеді.
2016-2021 жылдары Атырау облысы әкімінің орынбасары.
2021 жылдан бастап Атырау облыстық маслихатының хатшысы.
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
Қазақстан-Түрікменстан: Каспий арқылы көлік және логистика бағыттары кеңейеді
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
«АҚШ-тың Қазақстанға салған баж салығы ел экономикасына әсер ептейді...»
Нұрсұлтан ЕРБОЛАТҰЛЫ
Қаржы сарапшысы
«Миграция және рубль: Экономиканы тіреп тұрған сыртқы табыс»
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
«5-ші, 6-шы, 2-ші РЕСПУБЛИКА ұғымдары туралы» -
1“Қыз өзі кінәлі”, “Маған қатысы жоқ”: Зорлық құрбаны болған заңгермен сұқбат9182Ауа райы күрт нашарлайды: 5 желтоқсанда Қазақстанда боран соғады6103Экономист болжамы: Теңге күшін сақтап қала ма?6014Ипотека, автонесие, салық: Нарықты не күтіп тұр?5195Әзербайжан 2026 жылы Армениямен бейбіт келісімге қол қоюды жоспарлап отыр516
-
12026 жылы зейнетақы жинағынан қанша теңге шығарып алуға болады?1541821 желтоқсаннан бастап заң бұзған жүргізушілер айыппұл төлейді94393Алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?80624Экономист болжамы. Жаңа жылда доллар қанша болады?7222515-20 мың теңге: Ет бағасы тағы өзгеруі мүмкін бе?6458