Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі
-
Туған жылы: 1975 жылдың 1 мамырында дүниеге келген.
-
Білімі: 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетін «Экономист. Менеджмент саласындағы маман» мамандығы бойынша аяқтаған.
-
1998 жылы аталмыш оқу орнының магистратурасын «Экономика» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 1997 жылы консалтингтік компанияның сарапшысы ретінде бастаған. Одан кейін «Деловая неделя» газетінің экономика бойынша шолушысы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де оқытушы болып жұмыс істеген.
2001 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері бөлімінің сарапшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жүйелі талдау Орталығы секторының меңгерушісі, әруақытта Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және Қаржы министрінің кеңесшісі жұмыс істеген.
2008 жылдың қаңтары мен желтоқсаны аралығында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі лауазымын атқарған.
ШҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін 2009-2016жылдары «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген.
2020 жылғы 21 қазаннан бастап Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымына тағайындалды.

-
1Қанат Айтбаев Димашты "қырғыз" дегендерге жауап берді12379225 жастағы депутат Мәди Ахметов Маминге алты талап қойды118233Әкемнің 90 жылдығы – айтулы мереке. Мақатаевтың қызы орыс тілінде құттықтау жолдады106724Инклюзивті білім. Педагогтердің жалақысы 40 пайызға өседі73935Өзбекстан Қазақстанның талабына келіспеді.6933