Нұрлыбай Сәбит Нұрлыбайұлы
2162
Қазіргі лауазымы: ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы
Туған жылы: 1967 жылы
Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі: Қазақ политехникалық институтын, А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ–Түрік университетін тәмамдаған. Мамандығы — инженер-механик, заңгер.
Еңбек жолын 1991 жылы бастаған. Әр жылдары мемлекеттік органдардың құрылымында, оның ішінде ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінде, ҚР Өнеркәсіп және сауда министрлігінде, ҚР Парламентінің істері басқармасында және коммерциялық кәсіпорындарда жұмыс істеген.
1998–2004 жылдары ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде, Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде, ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетте қызмет еткен.
2004–2009 жылдары Астана қаласының Тұрғын үй департаментінің директоры лауазымын атқарды; білім және ғылым министрінің кеңесшісі, Әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директоры, ҚР Білім және ғылым министрлігінің аппарат басшысы; «ҚазТрансГаз» АҚ аппарат басшысы, бас директордың кеңесшісі ретінде қызмет атқарды.
2009–2017 жылдары ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары болып еңбек етті.
2017–2018 жылдары — ҚР Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы орынбасарының м.а., орынбасары.
2018 - 2019 жылдары ҚР энергетика министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.
2019-2020 жылдары ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы
2020 жылдан бері ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы
«2 дәрежелі әскери қызметіндегі үздік көрсеткіштері үшін» медалі;
II дәрежелі «Айбын» ордені;
Қазақстан Республикасы Президентінің алғысы, мемлекеттік, мерейтойлық және ведомстволық медальдары.
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
Қазақстан-Түрікменстан: Каспий арқылы көлік және логистика бағыттары кеңейеді
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
«АҚШ-тың Қазақстанға салған баж салығы ел экономикасына әсер ептейді...»
Нұрсұлтан ЕРБОЛАТҰЛЫ
Қаржы сарапшысы
«Миграция және рубль: Экономиканы тіреп тұрған сыртқы табыс»
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
«5-ші, 6-шы, 2-ші РЕСПУБЛИКА ұғымдары туралы» -
1Әзербайжан 2026 жылы Армениямен бейбіт келісімге қол қоюды жоспарлап отыр4232Италияның солтүстігінде тікұшақ апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты3663Семейде 25 мың орындық жаңа стадионның құрылысы басталды3534Испания полициясы фермаларда құлдыққа түскен 300-ден астам шетелдікті босатты3525Ипотека, автонесие, салық: Нарықты не күтіп тұр?323
-
12026 жылы зейнетақы жинағынан қанша теңге шығарып алуға болады?1124521 желтоқсаннан бастап заң бұзған жүргізушілер айыппұл төлейді93963Алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?7960415-20 мың теңге: Ет бағасы тағы өзгеруі мүмкін бе?63795Қазақстанда мерзімінен бұрын қалай зейнетке шығуға болады?5859