Анықтама

Нөпіров Жәнібек Мақсұтұлы

1146

Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы


  • Қарағанды экономикалық Қазтұтынуодағы Университетін,
  • Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Халықтың шаруашылығы Академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Астана қаласы бойынша Қазынашылық басқармасының төлемдерді реттеу және бақылау бөлімінің аға қазынашысы қызметінен бастады.

2000-2001 жж. — Астана қаласы бойынша Қазынашылық басқармасының жетекші қазынашысы, бас қазынашысы.

2001 жылдан 2006 жыл аралығында Қаржы министрлігінің құрылымында бас маманнан бастап басқарма бастығына дейін түрлі лауазымдарды атқарды.

2006-2007 жж. — ҚР Статистика агенттігінің Ішкі әкімшілік департаменті директорының орынбасары. 

2007-2008 жж. — ҚР ҚМ Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау және әдістемесі департаменті директорының орынбасары.

2008-2010 жж. — Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Экономикалық саясат және болжау департаменті директорының орынбасары, Корпоративтік даму департаменті директорының орынбасары, директоры. 

2010-2013 жж. республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің құрылымында жұмыс істеді.

2013-2019 жж. — ҚР Президент Әкімшілігі бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі.

2019 жылдан 2021 жылға дейін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің жауапты хатшысы

2021 жылдан бері Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы

Бөлісу: