Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы
4673Қазіргі лауазымы: Қызылорда облысы әкімі
Туған жылы: 1976 жыл 13 қазан
Туған жері: Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы
Білімі: Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша (1997), Қазақ гуманитарлық Заң университетін (2003) заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымының кандидаты.
1997-1998 жылдары «Казахойл-коммерция» ЖШС-нің мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы.
1998-2002 жылдары «Бұлақ», «Стандарт Трейд», «Стандарт Ойл Бейс», «Стандарт Ойл», «Стандарт Ойл Трейдинг», «Стандарт Газ» ЖШС-терінде директордың орынбасары, атқарушы директор, директор.
2002 жылы «Харрикейн Ойл Продактс» ШАҚ Қызылорда бөлімшесінің директоры.
2002-2004 жылдары «Қызылорда Мұнай Сервис» ЖШС-нің бас директоры. 2004-2005 жылдары – «Торговый Дом «ПетроКазахстан» ЖШС филиалының директоры.
2005-2007 жылдары – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.
2007-2008 жылдары – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.
2008 жылдың 8 ақпанынан 2013 жылдың 13 ақпанына дейін Шиелі ауданының әкімі.
2013 жылдың 13 ақпанынан Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаевтың өкімімен Қызылорда қаласы әкімі қызметіне тағайындалды.
2021 жылдың 2 сәуірінде Премьер-министр кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі қызметіне ауысты.
2022 жылы сәуірден бері Қызылорда облысы әкімі
«Құрмет» орденімен (2011), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен (2011) марапатталған.
-
1Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге ескерту жариялады204432Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап не өзгереді199433Некесін қиған күні қайтыс болған жігіт ісі: Ахметжанов тың дерек айтты137144Алматыдағы үйлердің бірінен қарт ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды119705Алматыда пакетке салынған әйелдің денесі табылды9936