Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы
4283
Мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, филология ғылымының докторы (1993), профессор (1993), академик
Туған жылы: 1937 жылы 27 мамыр
Туған жері: Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ақтөбе ауылында дүниеге келген
Білімі: 1960 жылы ҚазМУ-ді бітірген.
1954 - 1955 жылдары Ақкөл аудандық кеңесінің хатшысы болып қызмет атқарған.
1960 - 1964 жылдары осы университеттегі қазақ әдебиеті кафедрасында ассистент,
1964 - 1967 жылдары аспирант.
1970 - 1974 жылдары аға оқытушы, доцент,
1974 - 1977 жылдары филология факультетінің деканы болды.
1977 - 1987 жылдары Талдықорған педагогика институтының ректоры,
1987 -1988 жылдары Қазақстанның оқу министрі, білім министрінің бірінші орынбасары,
1988 - 1990 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде бөлім меңгерушісінің бірінші орынбасары, бөлім меңгерушісі,
1990 жылдары Қазақстанның Мемлекет кеңесшісі,
1991 - 1993 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары,
1993 - 1997 жылдары Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі,
1997 - 2000 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі жанындағы Дипломатиялық академияның ректоры қызметтерін атқарды.
2000-2006 жылдары Астанадағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры.
ҚР Президенттік мәдениет орталығының директоры болды.
Жолдасбеков қазақ әдебиетінің алғашқы қайнар бастауларын, Жамбыл Жабаев шығармашылығын зерттеуге мол үлес қосты. Түрік қағанаты кезіндегі Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін қазақ ғалымдары арасында алғашқылардың бірі болып жаңаша зерделеп, қазақ тіліндегі аудармасын ғылыми айналымға енгізді. Жамбылдың ақындық мектебін зерттеп, оның тұстастары мен шәкірттерінің туындыларын жан-жақты талдады.
"Халықтар достығы", "Құрмет" ордендерімен марапатталған.
Шығ.: V - XIV ғасырлардағы көне әдебиет нұсқалары. Ертедегі әдебиет нұсқалары, А., 1967; Асыл арналар, А., 1986, 1990; Күлтегін, А., 1986; Тоқсан толғау (Н. Төреқұловпен бірге), А., 1992; Жүз жыл жырлаған жүрек, А., 1993; Асыл сөздің атасы, А., 1996; Ел тағдыры - ер тағдыры, А., 1997.
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
Қазақстан-Түрікменстан: Каспий арқылы көлік және логистика бағыттары кеңейеді
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
«АҚШ-тың Қазақстанға салған баж салығы ел экономикасына әсер ептейді...»
Нұрсұлтан ЕРБОЛАТҰЛЫ
Қаржы сарапшысы
«Миграция және рубль: Экономиканы тіреп тұрған сыртқы табыс»
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
«5-ші, 6-шы, 2-ші РЕСПУБЛИКА ұғымдары туралы» -
1Батыс Қазақстан облысында 13 жастағы жасөспірім жоғалып кетті141522026 жылы зейнетақы мен жәрдемақы 10%-ға өседі: Кім қанша алатыны белгілі болды92232026 жылы мұғалімдердің жалақысы өсе ме? – Нақты жауап айтылды7214Мұғалімдердің іссапар шығынын кім төлейді?6985Қазақстанда Жаңа жыл алдында ауа райы күрт өзгереді608
-
12026 жылдан бастап ажырасу, паспорт пен жүргізуші куәлігін жасату қымбаттайды655112Қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары қайда кетеді3028232026 жылы бала туған аналарға қанша теңгеден төленеді?258304Жалдамалы пәтерде тұрып жатқандар үйлерін босатады – әкім жауап берді200355Қазақстанда зейнетақы қалай есептеледі және кімге көбірек төленеді?19182