Анықтама

Мырзағалиев Мағзұм Маратұлы

2382

Қазіргі лауазымы: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы


Туған жылы: 1978 жылы 7 қараша

Туған жері: Алматы қаласында туған.

Білімі: «Тұран» университеті (1999) Экономист

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дипломатиялық академиясы (2003) Халықаралық қатынастар саласындағы маман

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (2010) мұнай-газ кен орнын өндіру 


2001-2004 жылдары – «MI Drilling Fluids International» (Schlumberger) Теңіз және Батыс Сібір кен орындарында бұрғылау ерітіндісі жөніндегі инженер, АҚШ және Малайзияда тағылымдама.


2004-2007 жылдары – өндіріс бойынша менеджер («MI Drilling Fluids International» Ақтау филиалының басшысы).


2007-2010 жылдары – «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры.


2010- 2012 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры.


2012 – 2013 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сервистік жобалар мен инновациялық даму жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары.


2013 – 2014 жылдары – ҚР Мұнай және газ вице-министрі.


2014 –2019 жылдары – ҚР Энергетика вице-министрі


2019 жылдың 17 маусымынан бастап мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды.

2021 жылы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалды.

2022 жылдың 5 қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен Үкімет толық құрамда отставкаға кетті.

2022 жылдың 13 қаңтарынан 2022 жылғы 14 сәуірге дейін ҚР Президентінің кеңесшісі.

2022 жылдың сәуірінен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы

Бөлісу: