Қазіргі лауазымы: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
-
Туған жылы: 26.01.1962 жыл
-
Туған жері: ОҚО, Түлкібас ауданы, Димитров ауылы,
-
Отбасылық жағдайы: Үйленген. Төрт баласы бар.
-
Білімі: 1985 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін (1985) журналист мамандығы бойынша бітірді;
-
2006 жылы Шымкент университетін экономист мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты.
1978-1979 жылдары - Шымкент облысы Сайрам ауданы «Қайнарбұлақ» ұжымшарының В.И. Ленин атындағы бөлімшесінде жұмысшы.
1985 жылдан - Одақтық және шетелдік баспаға арналған Бас ақпарат редакциясының (ҚазКСР Министрлер Кеңесі жанындағы Ақпараттық агенттік-ҚазТАГ) редакторы,
1986 жылдан - аға редакторы, 1989 жылдан - одақтық баспаға арналған ақпарат редакциясының аға бақылаушы әдеби редакторы.
1990 жылдан - ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Актілерді жариялау бөлімінің аға кеңесшісі.
1992 жылдан - ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің редакциялық-баспа бөлімінің аға референті.
1994 жылдан - «Өркениет-Горизонт» республикалық газетінің бас редакторы.
1996 жылдан - «Қазақстан теледидары және радиосы» Республикалық корпорациясының вице-президенті.
1997 жылдан - Шығармашылық қызметті және облыстық телерадиокомпаниялармен жұмысты үйлестіру жөніндегі басқарманың бастығы.
1997 жылдан – ОҚО әкімінің орынбасары.
2002 жылдан - ОҚО жастар ісі және ішкі саясат департаментінің бастығы.
2004 жылдан - ОҚО Түлкібас ауданының әкімі.
2006 жылдан - ОҚО әкімнің орынбасары.
2008 жылдан - ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі
2008-2012 жылдара аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі
2012 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды
2013-2017 жж. - Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры.
2017 жылғы 14 наурыздан бастап - Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Хатшылық меңгерушісі.
2018 жылдың 13 ақпанынан бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Марапаттары: «Құрмет» орденімен (2009); «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен марапатталған.
«Оңтүстік Қазақстан: «Шығармашыл зиялылар», «Нұрлы әлем» (2001), «Нұрын шашқан Оңтүстік» («Земля Южного Казахстана»), «Эффект» (2003), «Өнерлі өлке суретшілері» («Художник Южного Казахстана») (2008) кітаптарының, 62 жарияланған мақаланың авторы.

-
1Түркияда өтетін IV ДКО-ға дайындық басталып кетті – Рахат Жақсыбай5632Қызылордалық агроном жылына 20 тонна қозықұйрық өсіреді5443Қызылордалықтың көлігінен граната мен марихуана тәркіленді5114ШҚО-да сапасыз жолдар үшін 11 басшы жауапқа тартылды4805Референдум: ҮЕҰ өкілдері азаматтық қоғам рөлінің нығаюы туралы айтты460
-
1Аймағамбетов қаржылық дербестік туралы: Білім басқармалары мектептерге бостандықты бергісі келмейді73152Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды65683Теңге спектаклі. Ұлттық валютаның күрт өсуіне не себеп болды?54574Сәуірден бастап зейнетақы мен әлеуметтік төлем көбейеді45325БҒМ қанша директор ротациядан өткенін мәлімдеді4224
