Анықтама

Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы

2098

Қазіргі лауазымы: 


Туған жылы: 19.10.1962 жыл.

Білімі: 1985 жылы М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін экономист-кибернетик мамандығы бойынша бітірген.

1988 жылы экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғаған.


Еңбек қызметін Алматы халық шаруашылығы институтында оқытушы болудан бастаған. 1995 жылға дейін коммерциялық құрылымдарда түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.


1995 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары лауазымымен қатар ҚР ҚМ жанындағы Қазынашылықтың бастығы лауазымын атқарған.


1997 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бірінші орынбасары болып жұмыс істеген.


1997 - 1999 жылдары мына лауазымдарды атқарған: Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары.


1999 - 2001 жылдары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі.


2001 жылы мансабын қаржы институттарында «Қазақстанның Даму Банкі» ЖАҚ президенті ретінде жалғастырды.


2002 - 2003 жылдары - «Каспий Өнеркәсіптік-Қаржылық Тобы» ЖШС бас директоры.


2003 - 2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі.


2006 – 2007 жылдары - «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ Басқарма төрағасы.


2007 жылы - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі, ал 2010 жылы - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі болып тағайындалған.


2013 – 2018 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы.


2018-2021 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы.


Мемлекеттік наградалары:

«Дружба» ордені (РФ, 2004ж.)

«Астанаға 10 жыл» мерекелік медалі (2008ж.)

3-ші дәрежелі «Барыс» ордені (2005ж.)

«Барыс» ордені (2012ж.).

Бөлісу: