Қазақстан Республикасының Әділет министрі.
1966 жылғы 27 ақпанда Целиноград (Астана) қаласында дүниеге келген.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Заңгер. Аға әдiлет кеңесшiсi, қаржы полициясының полковнигі.
1984-1986 жылдары Целиноград қаласының Ленин аудандық халық сотының сот орындаушысы, сот отырысының хатшысы, архивариусы.
1986-1989 жылдары «Целиноградоблгазтоп» өндірістік бірлестігінің аға юрисконсульты.
1989-1998 жылдары Целиноград қаласының, Ақмола облысының прокуратура органдарында қызмет еткен, Астана қаласы прокурорының орынбасары.
1998-2001 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары.
2001-2007 жылдары қаржы полициясы органдарында қызмет еткен, Батыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары.
2007-2010 жылдары Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңес аппаратында жұмыс істеген: бас сарапшы, бас инспекторы, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.
2010-2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары.
2012-2016 жылдары Астана қаласының Әділет департаментінің басшысы.
2016 жылдың наурызынан бастап алтыншы сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
2021 жылдың қаңтар айынан бастап жетінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты-Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы.
2022 жылдың 5 қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен Үкімет толық құрамда отставкаға кетті.
2022 жылдың 11 қаңтарында Президент Жарлығымен Әділет министрі болып тағайындалды.
«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен, құқық қорғау органдарының ведомстволық наградаларымен марапатталған.

-
1Канело Головкинмен үшінші мәрте жекпе-жекке шығатынын мәлімдеді3062Елордада «Мың бала» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды2603ХОК президенті Абзал Әжғалиевке арнайы сертификат жолдады2474Тергеу изоляторына пигодиге телефон жасырып кіргізбек болған ер адам анықталды2165Астанада балалар жылы аясындағы іс-шаралар 7 бағыт бойынша өтеді208
-
1Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері138592Аймағамбетов қаржылық дербестік туралы: Білім басқармалары мектептерге бостандықты бергісі келмейді76383Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды68784Теңге спектаклі. Ұлттық валютаның күрт өсуіне не себеп болды?57525БҒМ қанша директор ротациядан өткенін мәлімдеді5081