Анықтама

Мұратәлиев Жандос Дүйсебайұлы

873

Қазіргі қызметі: ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары

Туған жылы: 1975 жылы 2 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген.

Білімі: 1997 жылы Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі: заңгер.

2016 жылы Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі: тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлік құралдарының жұмысы. Диплом бойынша біліктілігі: Техника ғылымдарының магистрі.

1997 жылғы қазан айынан 2008 жылғы маусым аралығында – Алматы қ. ІІД, ҚІІБ тергеушісі, аға тергеушісі;

2008 жылғы маусым айынан 2010 жылғы ақпан аралығында – Алматы қ. және Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаментіндегі қызметі;

2010 жылғы ақпан айынан 2013 жылғы қазан аралығында – Алматы қ. ІІД Жол полициясы басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары;

2013 жылғы қазан айынан 2021 жылғы шілде аралығында – Алматы қ. ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, басқарма бастығы;

2021 жылғы шілде айынан қазіргі уақытқа дейін – ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.

Қызметте қол жеткізген жетістіктері үшін Ішкі істер министрлігінің басшылығымен бірнеше рет мадақталды. Полиция полковнигі

Бөлісу: