
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
Мұрат Кәрібайұлы Бектанов 1965 жылы 18 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының Соколов ауылында туған.
Білімі: 1983 ж. - 1984 ж. аралығында мерзімді әскери қызметін өтеген.
1988 жылы Киев жоғары жалпы әскери командалық училищесін бітірген.
2000 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясын бітірген.
2007 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабы Әскери академиясын бітірген.
Қызметі:
1988-1998 ж.ж. – мотоатқыштар взводының командирі, десанттық-шабуылдау взводының командирі, барлау бастығы – взвод командирі, жеке мотоатқыштар батальонының штаб бастығы лауазымдарында қызмет атқарды;
2000-2007 ж.ж. – жедел басқарма бастығы – Республикалық ұлан Орталық аппаратының штаб бастығы, Республикалық ұлан Орталық аппаратының Әскери қызмет және әскерлер дайындығы департаментінің бастығы лауазымындарында болды;
2007-2010 ж.ж. – ҚР ҚМ Штабтар бастықтары комитеті Жедел жоспарлау департаменті бастығының орынбасары;
2010-2011 ж.ж. – ҚР ҚМ Штабтар бастықтары комитеті Жедел жоспарлау департаментінің бастығы;
2011-2013 ж.ж.– өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының штаб бастығы;
2013-2016 ж.ж. – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы;
2016-2019 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы;
2019-2021 ж.ж. – Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы;
2021 ж. 31 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды.
2022 жылдың 5 қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен Үкімет толық құрамда отставкаға кетті.
2022 жылдың 11 қаңтарында Президент Жарлығымен Қорғаныс министрі болып қайта тағайындалды.
Әскери шені: генерал-лейтенант (2020).
II дәрежелі «Даңқ» орденімен (2014) марапатталған.
Медальдар: мерейтойлық және еңбек өтілі үшін.

-
1Канело Головкинмен үшінші мәрте жекпе-жекке шығатынын мәлімдеді2812Елордада «Мың бала» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды2383ХОК президенті Абзал Әжғалиевке арнайы сертификат жолдады2284Тергеу изоляторына пигодиге телефон жасырып кіргізбек болған ер адам анықталды1975Астанада балалар жылы аясындағы іс-шаралар 7 бағыт бойынша өтеді191
-
1Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері138002Аймағамбетов қаржылық дербестік туралы: Білім басқармалары мектептерге бостандықты бергісі келмейді76323Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды68714Теңге спектаклі. Ұлттық валютаның күрт өсуіне не себеп болды?57465БҒМ қанша директор ротациядан өткенін мәлімдеді5076