Анықтама

Әміров Мұхаран Серікұлы

1327
2284156.jpg

Қазіргі лауазымы:


Туған жылы: 1959 жылғы 4 қаңтар

Туған жері: Гурьев қаласында туған.

Білімі: КСРО ІІМ-нің Қарағанды Жоғары мектебінің тергеу факультетін бітірген (1980), заңгер-құқықтанушы.


1980 жылғы қыркүйектен бастап 1984 жылғы наурызға дейін – Гурьев қалалық атқару комитетінің ІІБ тергеу бөлімшесінің тергеушісі. 


1984 жылғы наурыздан бастап желтоқсанға дейін – Гурьев қалалық атқару комитетінің ІІБ тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі. 


1984 жылғы желтоқсаннан бастап 1987 жылғы қыркүйекке дейін – Гурьев қалалық атқару комитеті ІІБ-нің тергеу бөлімшесі бастығының орынбасары. 


1987 жылғы қыркүйектен бастап 1988 жылғы қыркүйекке дейін – Гурьев қалалық атқару комитетінің ІІБ бастығының орынбасары. 


1988 жылғы қыркүйектен бастап 1989 жылғы маусымға дейін – ҚазКСР ІІМ-нің Гурьев қаласы бойынша тергеу бөлімінің бастығы. 


1989 жылғы маусымнан бастап желтоқсанға дейін – Теңіз аудандық атқару комитеті ІІБ-нің аға тергеушісі. 


1989 жылғы желтоқсаннан бастап 1993 жылғы қаңтарға дейін – Мақат аудандық атқару комитеті бастығының орынбасары. 


1993 жылғы қаңтардан бастап 1995 жылғы мамырға дейін – Атырау облысы Ембі ауданы ІІБ-нің бастығы. 


1995 жылғы мамырдан бастап желтоқсанға дейін – Атырау қаласы ІІБ-нің бастығы.
1995 жылғы желтоқсаннан бастап 2001 жылғы шілдеге дейін – Атырау облысы ІІБ бастығының бірінші орынбасары. 


2001 жылғы шілдеден бастап 2002 жылғы желтоқсанға дейін – басқа мемлекетік мекемелерде жұмыс істеген. 


2002 жылғы желтоқсаннан бастап 2003 жылғы сәуірге дейін – Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы ІІБ-нің бастығы. 


2003 жылғы сәуірден бастап 2008 жылғы тамызға дейін – Атырау облысы ІІД-нің бастығы. 


2008 жылғы тамыздан бастап 2009 жылғы маусымға дейін – Қызылорда облысы ІІД-нің бастығы. 


2009 жылғы маусымнан бастап 2011 жылғы қыркүйекке дейін – Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы. 


2011 жылғы қыркүйектен бастап 2014 жылғы қыркүйекке дейін – Ақтөбе қаласы ІІД-нің бастығы. 


2014-2019 жылдары Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы. 


Мәскеу қаласында Олимпиада ойындарын өткізу кезінде (1980 ж.) қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысқан. 


ҚазКСР Заңгерлер одағының Құрылтай съезінің (1989 ж., Алматы қаласы) және КСРО Заңгерлері Құрылтай съезінің (1989 ж., Мәскеу қаласы) өкілі. 


Отан алдында ерекше еңбек сіңіргені үшін үкіметтік наградалармен марапатталды:
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1682 Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен наградталды. 


Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 19 қыркүйектегі № 615 Жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен наградталды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 6 мамырдағы № 388 ҚБПҮ Қаулысымен «Республика алдында сіңірген еңбегі және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында мінсіз қызметі үшін» атаулы атыс қару – Макаров тапаншасымен наградталды. 


Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 қарашадағы № 172 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен наградталды. 


Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл» мерейтой медалімен 2015 жылғы 5 тамыздағы № 59 Жарлығымен наградталған.
Мәскеу қаласы ҰҚҚҮБ ТМД-ның «Қылмысқа қарсы күресте мемлекетаралық ынтымақтастық көмек көрсеткені үшін» белгісімен 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 48 ж/қ бұйрығымен наградталған.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 244 Жарлығымен ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен наградталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 380 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен наградталды.
Үйленген, қызы және 3 ұлы бар.

Бөлісу: