Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасы әділет вице-министрі
- Туған жылы: 1976 жылғы 24 қазан
-
Туған жері: Алматы қаласында туған
-
Білімі: 1998 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «заңгер - халықаралық құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
1998 - 2006 ж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бас маманы, бөлім бастығы, директор орынбасары, директор, комитет төрағасының орынбасары.
2006 - 2009 ж. - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің заңнама бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2009 - 2011 ж. – «Альянс Банк» АҚ корпоративтік хатшысы.
2011 - 2017 ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы заң бөлімінің меңгерушісі.
2017 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының аппарат басшысы.
2020 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы әділет вице-министрі
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.


-
.