Анықтама

Милюк Алексей Казимирович

1411

Қазіргі қызметі: ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары

Туған жылы: 1977 жылы 16 қыркүйекте Торғай облысы Есіл ауданы Қаракөл ауылында дүниеге келген.

Білімі: 2000 жылы С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін, 2003 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген. Диплом бойынша біліктілігі – Инженер-механик, заңгер.

Еңбек жолы:

2001 жылдың мамырынан 2003 жылдың шілдесіне дейін - Есіл АІІБ учаскелік полиция инспекторы;

2003 жылғы шілдеден 2006 жылғы маусымға дейін - Ақмола облысы Есіл АІІБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекциясының бастығы;

2006 жылдың маусым айынан 2011 жылдың қаңтар айына дейін - Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру бөлімінің және КТУОБОО профилактикалық қызмет басқармасының аға инспекторы;

2011 жылғы қаңтардан 2013 жылғы қыркүйекке дейін – Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті әкімшілік заңнаманың орындалуын үйлестіру және бақылау бөлімінің бастығы;

2013 жылғы қыркүйектен 2014 жылғы тамызға дейін – Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің әкімшілік практика басқармасы бастығының орынбасары;

2014 жылғы тамыздан 2020 жылғы наурызға дейін – Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің профилактикалық қызмет басқармасының бастығы;

2020 жылғы наурыздан 2021 жылғы қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасы ІІМ Штаб-департаменті бастығының орынбасары;

2021 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.

Қызметте қол жеткізген жетістіктері үшін Ішкі істер министрлігінің басшылығымен бірнеше рет мадақталған.

Бөлісу: