Анықтама

Майтиев Азамат Бақдәулетұлы

970

Қазіргі лауазымы: 


Туған жылы: 1980 жылы туған

Білімі: 2001 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша бітірді.


Еңбек жолын 2001 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде мемлекеттік қызметте бастады, жетекші маманнан бастап Табиғи монополиялар департаменті директорының орынбасарына дейінгі лауазымдарда жұмыс істеді.


2012 жылғы желтоқсаннан бастап 2014 жылғы тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің (қазіргі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі) Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау саясаты департаментінің директоры болып қызмет атқарды.


2014 жылғы тамыздан бастап 2017 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.


Қазақстан Республикасын дамытуға қосқан үлесі үшін 2012 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алғыс хатына ие болды, 2014 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.


2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы.

2019-2021 жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі

2021-2022 жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ аппарат басшысы, басқарма мүшесі

Бөлісу: