Анықтама

Майкеев Мұрат Жәлелұлы

2268

Қазіргі лауазымы: 


Туған жылы: 09.10.1959 жыл

Туған жері: Ақтөбе қаласы

Білімі: 1980 ж. Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін бітірген. Генерал-лейтенант


Офицерлік қызметін мотоатқыштар взводының командирінен бастаған. Әрі қарай мотоатқыштар ротасының командирі, штаб бастығы – мотоатқыштар батальоны командирінің орынбасары, мотоатқыш батальонының командирі лауазымдарында қызмет атқарған.


1994 жылы М.В. Фрунзе атындағы әскери академияның командалық факультетін бітіріп, Республикалық ұлан бригадасының жауынгерлік дайындық бөлімі жоспарлау және бақылау бөлімшесінің бастығы лауазымына тағайындалды. Одан әрі қамтамасыз ету батальонының командирі, бригада командирінің орынбасары – жауынгерлік дайындық бөлімінің бастығы, Республикалық ұлан 1-ші (Алматылық) полкінің командирі лауазымдарында қызмет атқарды.


1998 жылдың ақпан айынан бастап мотоатқыштар дивизиясы командирінің орынбасары лауазымында қызмет атқарған.


2000 жылдың қарашасында мотоатқыштар дивизиясының командирі болып тағайындалды.


2002 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар департаментінің бастығы.  


2003 жылғы қыркүйек – 2009 жылғы маусым аралығында - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы.


2010 жылғы 11 наурыздан бастап – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы;


2011 жылғы 7 мамырда ҚР Президентінің Жарлығымен "генерал-лейтенант" атағы берілді.


2016 жылғы 15 қыркүйектен бастап Мемлекет басшысының өкімімен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды.


2019 жылдың сәуір айында басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы қызметінен босатылды

II дәрежелі «Айбын», II дәрежелі «Даңқ» және I дәрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталған.

Бөлісу: