Бас жаңалықтар
Анықтама
Мауберлинова Нұргүл Өсербайқызы 36
Қазіргі лауазымы: 


Әлеуметтік желіде:

  • Туған жылы: 1973 жылдың 13 қарашасында дүниеге келген.

  • Білімі: Саран педагогикалық училищесін (1992), Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (2000), Қарағандыдағы Қазтұтынуодағы экономикалық университетін (2006) тәмамдаған.


Еңбек жолын 1992 жылы Қарағанды облысындағы балалар-бақшасы тәрбиешісінің қызметінен бастаған. Саран қаласының №2 орта мектебінде тарих және қазақ тілі пәні мұғалімі болған.


2006 - 2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің бас сарапшысы.

2008 - 2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Ақпараттық-талдау орталығының бас сарапшысы.

2012 - 2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директорының орынбасары.

2016 – 2018 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің төрайымы.

2018 жылдың сәуір айынан Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі вице-министрі қызметіне тағайындалған.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі және «Құрмет» орденімен марапатталған.


Сізден жаңалық