Анықтама

Махин Жайық Түгелұлы

1506

Қазіргі лауазымы: «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары


Туған жылы: 1982 жылғы 30 маусым.

Білімі: 2003 жылы Ресей СІМ МГИМО (Университеті) экономика бакалавр дәрежесін алып,

2005 жылы аталмыш университеттің «Әлемдік экономика» бағыты бойынша экономика магистрі академиялық дәрежесін иеленді.

2014 жылы жоғары біліміне қосымша Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет және халықтық шаруашылық академиясының «Іскер әкімшілік магистрі

Master of Business Administration (МВА)» біліктілігімен «МВА: менеджмент – халықаралық бизнес» бағдарламасы аясында қайта даярлау жөнінде дипломды иеленді.


Еңбек жолын 2005 жылдың тамызында «ҚазМұнайГаз» ӨБ» АҚ бюджеттеу және экономикалық талдау департаментіне қарасты қаржылық-экономикалық модельдеу бөлімінің маманы ретінде бастады. Кейін осы бөлімнің бас маманы, сарапшысы болып еңбек етті.


2008 жылдың қаңтарынан - стратегия және жобаларды дамыту департаментінің халықаралық сатып алу бөлімінің бас сарапшысы.


2008 жылдың қарашасынан 2010 жылдың сәуіріне дейін - стратегия және жобаларды дамыту департаментінің халықаралық сатып алу бөлімінің басшысы және жаңа жобалар департаментінің біріктіру және қосып алу бөлімінің басшысы.


2010 жылдың сәуірінен «ҚазМұнайГаз» ӨБ» АҚ бірлесіп бақыланатын ұйымдардағы үлестерді басқару жөніндегі департаменті директорының орынбасары.


2012 жылдың тамызынан 2015 жылдың қазанына дейін Махин Ж.Т. «Қазгермұнай» БК» ЖШС басшылық қызметте болды.


2015 жылдың қазан-қараша аралығында - «ҚазМұнайГаз» ӨБ» АҚ бас директордың кеңесшісі.


2016 жылдың шілде-қыркүйек аралығында - «Фирма «АЛМЭКС ПЛЮС» ЖШС қаржы және экономика жөніндегі басқарушы директоры.


2016 жылдың қыркүйек айынан 2017 жылдың 15 желтоқсанына дейін Махин Ж.Т. «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС бас директордың экономика жөніндегі орынбасары лауазымын атқарды.


2017 жылғы 13 желтоқсаннан бастап - қазіргі уақытты қоса алғанда «Магистральдық Суағызғы» ЖШС Байқаушы кеңесінің мүшесі.


2018 жылғы 19 наурыздан бастап - қазіргі уақытты қоса алғанда «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ Байқаушы кеңесінің төрағасы.

Бөлісу: