Анықтама

Мұқышов Ардақ Жұмағұлұлы

898

Қазіргі лауазымы: «ҚТЖ» ҰК» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры


Туған жылы:  1978 жылғы 4 наурыз.

Білімі: 1998 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Заңгер» біліктілігінің берілуімен «Құқық және құқықтық білім беру әдістемесі» мамандығы бойынша бітірген, 

2007 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық  университетін «экономист» біліктілігінің берілуімен «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.


2000 - 2003 ж.ж. -  Астана қаласының ҚІІД ішкі істер органдарында жұмыс істеген;


2003 - 2010 ж.ж. -  Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығы, заң қызметі департаменті директорының орынбасары;


2010-2013 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі заң қызметі департаментінің директоры;


2014 жылғы қаңтар-тамыз аралығында – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі;


2014 жылғы тамыздан бастап 2017 жылғы қаңтарға дейін  - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ халықаралық келісімшарттар департаментінің директоры;


2017 жылғы қаңтардан бастап 2018 жылғы 29 шілдеге дейін  – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі вице-президенті;


2018 жылғы шілдеден бастап 2018 жылғы 29 қарашаға дейін – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры;


2018 жылғы 30 қарашадан бастап 2018 жылғы 4 желтоқсанға дейін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы;


2018 жылғы 4 желтоқсаннан бастап Құқықтық қамтамасыз ету және соттық-талаптық жұмыс департаменті директорының міндетін атқарушы.


2019-2021 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры


Алған мемлекеттік және салалық наградалары:

  • Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің грамотасы (2008ж.).
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі (2011ж.).
  • Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасы құбыр көлігіне 80 жыл» мерекелік медалі (2015ж.).
Бөлісу: