Анықтама

Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы

2540

Қазіргі лауазымы: ҚР Парламент Сенатының депутаты


Туған жылы: 07.01.1951 жыл

Туған жері: Алматы облысы Жамбыл ауданы

Білімі: Рига азаматтық авиация инженерлері институтын және Ақтөбе жоғары ұшқыштар училищесін бітірген.

Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері, 

Техника ғылымының докторы,

«Экология» Қазақстан халық академиясының академигі.


1987 жылдан АН-2 ұшағының 2-ұшқышы, командирі,


1989 жылы Ульяновск қаласындағы ұшқыштар, диспетчерлер және инженер-техник кадрлар дайындау орталығын бітіріп, Алматы біріккен авиаотрядының 1-ұшу отрядында ТУ-134 ұшағының 2-ұшқышы болды.


1990 жылы Ю.А.Гагарин атындағы ғарышкерлер дайындау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кіріскен.


1991 жылы оған «Ғарышкер-сынақшы» санаты берілген.


1994 жылғы маусымның 1-інен қарашаның 4-іне дейін «Союз-ТМ» ғарыш кемесінің борт-инженері ретінде ғарышта болып, 2 рет ашық ғарыш кеңістігіне шықты. Ұшу кезінде қазақстандық ғылыми-зерттеулердің 2-бағдарламасын орындады. 25-негізгі экспедиция бағдарламасы бойынша


1998 жылы қаңтардың 29-ы мен тамыздың 25-і аралығында «Союз-ТМ-27» және «Мир» ғарыш кемелерінің командирі ретінде ғарышта болды. Ұшу кезінде 5 рет ашық ғарыш кеңістігіне шықты. Бұл сапар барысында ғылыми-зерттеулер мен эксперименттердің 3-бағдарламасы орындалды.


2001 жылғы сәуірдің 28-і мен маусымның 6-ы аралығында «Союз-ТМ-32» ғарыш кемесімен Халықаралық ғарыштық стансасына барған бірінші экспедицияның экипаж командирі міндетін атқарды. Бұл ұшу кезінде ғылыми-зерттеулер мен эксперименттердің 4-бағдарламасы орындалды.


2003-2005 жылдары - Ю.А.Гагарин атындағы Ғарышкерлер дайындау орталығының топ командирі.


2005-2007 жылдары - «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамының бас директоры.


2007 жылы 11 ақпаннан 11 сәуірге дейін Қазақстанның әуе-ғарыш агенттігінің директоры қызметтерін атқарған.


2007 жылдың 11 сәуірінен - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы қызметін атқарды.


2014 жылдың 14 тамызынан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы.


2017 жылғы қаңтардан бастап 2017 жылғы 13 шілдеге дейін - Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.


2017 жылғы шілдеден бастап - Парламент Сенатының депутаты.


Ғарышқа ұшуы

1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.

1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітабында бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған. Ұшқанда американ ғарышкері Л. Эйартс пен ресей ғарышкері (шуваш ұлтынының өкілі) Николай Бударинмен бірге. Қонғанда ресей ғарышкерлері Николай Бадурин мен Юрий Батуринмен бірге.

2001 ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген.


І дәрежелі «Барыс», Отан, Халықтар достығы, Австрияның «Күміс Қыран», Ресейдің «1 дәрежелі Ұлы Петр» ордендерімен, көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.


Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Америка Құрама Штаттары облыстарының, қалаларының, аудандарының Құрметті азаматы.


Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы және Ресей Федерациясының Батыры, авиация генерал-лейтенанты, гимнастикадан және ұшақ спортынан КСРО спорт шебері, КСРО чемпионы, 

Бөлісу: