Анықтама

Әлиев Жұматай Әлиұлы

1775

Қазіргі лауазымы:


Туған жылы: 1952 жылдың 20 маусым

Туған жылы: Жамбыл облысында дүниеге келген.

Білімі: Ленинград мемлекеттік университетін, Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген, философ, экономист. Философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ӘҒА академигі, ХАА академигі.

Неміс, ағылшын, орыс, қазақ тілдерін біледі.


Университетті бітіргеннен кейін Алматы мемлекеттік медицина институтында мұғалім болып еңбек еткен.


1977-1982 жылдары ҚЛКЖО Алматы қалалық комитетінің нұсқаушысы, ҚЛКЖО Фрунзе аудандық комитетінің екінші хатшысы, ҚКП Алатау аудандық партия комитетінің нұсқаушысы қызметтерін атқарған.


1982-1983 жылдары Алматы қалалық сүт зауытында аға технолог- инженер, бас инженердің орынбасары.


1983-1997 жылдары Алматы сәулет және құрылыс институтында аға оқытушы, Алматы мал дәрігерлік институтының әлеуметтік-экономика пәндері кафедрасының меңгерушісі, ҚазМАУ гуманитарлық даярлау орталығының басшысы.


1997-2001 жылдары Орталық Азия университетінің президенті, ректоры.


2001-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халықтары Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары.


2008-2012 жылдары – Орталық Азия университетінің қамқоршы кеңесiнің төрағасы, профессор, «Тұрақты Қазақстан» қоғамдық қорының басшысы.


2012 жылы бесінші сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты. Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған.

2019 жылы Президенттік атын ұсынып, мемлекеттік тілден өте алмаған.


III, II дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталған.

Бөлісу: