Анықтама

Коняшкин Ростислав Анатольевич

833

Қазіргі лауазымы: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы

  • Туған жылы: 1989 жылы Жамбыл облысында туған.
  • Білімі: М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы «KazTransCom» ERP-Service» ЖШС консультанты болып бастаған.  

2011-2012 жылдары — «KazTransCom» ERP-Service» ЖШС «Интергаз Орталық Азия» АҚ және «Қазтрансгаз» АҚ кәсіпорындары жобасының консультанты.

2012-2014 жылдары — «Astana Innovations» АҚ-да түрлі қызметтер атқарды. 

2014-2015 жылдары — «Ақпараттық талдау орталығы» АҚ Электронды оқытуды дамыту орталығының бас менеджері, жобалық менеджері.  

2016 жылы — «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Мемлекеттік қызмет көрсетудің әдіснама департаментінің бас маманы. 

2016-2017 жылдары — «Өрлеу» инновациялық технологиялар орталығы» ЖШС жобалар бойынша менеджері. 

2017-2019 жылдары — «Транстелеком» АҚ орталық аппаратының «Жобалық менеджерлер, АТ кеңсесі» бағыты бойынша жобалық менеджері.

2019-2020 жылдары — «Tengri Lab» ЖШС жобалық кеңсесінің басшысы. 

2020 жылы — ҚР ЦДИАӨ министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасы орынбасарының м.а.  

2020 жылғы қазан айынан — ҚР ЦДИАӨ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасының орынбасары. 

2021 жылдан бері «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы

Бөлісу: