Әкіжанов Садық Санатұлы
1049Қазіргі лауазымы: ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы
Туған жылы: 1984 жыл
Туған жері: Павлодар қаласында туған.
Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Түрлі жылдары ҚР Президенті мәдениет орталығының «Президенттік институтының» ғылыми қызметкері (Астана қ.), ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің бас сарапшысы, «Қазақстан Республикасының Экологиялық аудиторлары ұлттық палатасы» кәсіби аудиторлық ұйымының экономикалық мәселелер және БАҚ-пен байланыс жөніндегі менеджері, «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі қызметтерін атқарды.
2014 жылғы қыркүйек айынан бастап қазіргі дейін «ҚазАқпарат» ХАА Бейжің қаласындағы тілшілер қосынын басқарды, Шанхай ынтымақтастық ұйымының баспасөз клубының вице-президенті болып сайланды. «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған. Қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерін меңгерген.
2019 жылы ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы болып тағайындалды
-
1Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге ескерту жариялады21250210 жылдан кейін планета жоқ болуы мүмкін - Мэлс Елеусізов204963Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап не өзгереді204144Некесін қиған күні қайтыс болған жігіт ісі: Ахметжанов тың дерек айтты141045Жылан жылы: 2025 жыл қандай болады?12572