Қазіргі лауазымы: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі
-
Туған жылы: 1981 жылы туған
-
Туған жері: Атырау облысы Атырау қаласында
-
Білімі: Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген, қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі;
-
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, аспирант;
-
Атырау мұнай және газ институты, мұнай және газ инженері;
-
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, экономика және бизнес бакалавры.
-
Филология ғылымдарының кандидаты.
1999-2001 жылдары Атырау облыстық телерадио-ақпараттық компаниясының дикторы, редакторы.
2001-2004 жылдары Атырау мұнай және газ институтының қазақ және орыс тілдері кафедрасының оқытушысы, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің элитарлық мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.
2004-2005 жылдары «Рахат ТВ» Атырау телерадио хабарларын тарату филиалы қазақ редакциясының корреспонденті.
2005-2016 жылдары Атырау Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінің директоры.
2016 жылғы 24 наурыздан бастап – алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» партиясының мүшесі, партияның Саяси кеңесінің мүшесі.
Наградалары: - «Ыбрай Алтынсарин» төсбелгісі (2010 жыл) - ҚР Президентінің алғыс хаты (2011 жыл) - «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі (2013 жыл) - «Қазақстан мәслихатының 20 жылдығы» медалі (2014 жыл) - «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі (2014 жыл) - «ҚР Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі (2015 жыл) - «KAZENERGY» медалі (2015 жыл) - «Экономика Мақтанышы» ордені (2015 жыл) - "Құрмет" ордені (2017г.)
Екі баласы бар.

-
1Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері79622Аймағамбетов қаржылық дербестік туралы: Білім басқармалары мектептерге бостандықты бергісі келмейді74743Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды67174Теңге спектаклі. Ұлттық валютаның күрт өсуіне не себеп болды?56005БҒМ қанша директор ротациядан өткенін мәлімдеді4839