Анықтама

Келімбетов Қайрат Нематұлы

1675

Қазіргі қызметі: "Астана" ХҚО басқарушысы


Туған жылы: 28 қаңтар 1969 жыл

Туған жері: Алматы қаласы

Білімі: 1986 ж. Алматы қаласындағы республикалық физика-математика мектебін үздік белгімен бітірген.

1993 ж. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеудің Мемлекеттік Университетінің қолданбалы математика және кибернетика факультетін бітірген, математик. Ағылшын, француз тілдерін меңгерген.

1993 ж. бастап әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті, аспиранты.

1994—96 жж. Қазақтың мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтының қаржы және несие факультетінде оқыған.

1995—96 жж. — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқарудың ұлттық жоғары мектебінің тыңдаушысы.

1999 ж. АҚШ-та Джорджтаун университетінде оқыған.


1996 ж. бастап — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жоғары экономикалық кеңес хатшылығының аға сарапшысы.


1996—97 жж. — Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің меңгерушісі.


1997—98 жж. — Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Стратегиялық талдау департаменті директорының орынбасары.


1999—2001 жж. — Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасы.


2001 ж. маусым — 2002 ж. тамыз аралығында ҚР Қаржы министрлігінің бірінші Вице-Министрі болған.


2002 ж. тамыздан бастап — Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.


2006 жылдың сәуірінен бастап – «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.


2008 ж. қаңтардың 23 - Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.


2008 ж. қазанның 13 - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды.


2011-2012 жж. - Экономикалық даму және сауда министрі


2012 жылы - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары


01.10.2013-02.11.2015 жылдары - Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы.


2015 жылдың 2 қарашасы - Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Қайрат Келімбетовті босатты;


2015 жылғы желтоқсаннан бастап - «Астана» әлемдік қаржы орталығы. 


2017 жылдың 8 маусымында ол БЖЗҚ-ның Совет Одағының директорлар кеңесіне барды


 Ғылыми мақалалардың авторы. Ағылшын және француз тілдерін меңгерген


2005 жылы «Құрмет» ордені медальдармен марапатталды.

«Парасат» ордені (2010)

«Құрмет» ордені (2005)

«Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 10 жыл» медалі (2001)

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалі (2005)

«Қазақстан Парламентiне 10 жыл» медалі (2006)

«Астанаға 10 жыл» медалі (2008)

«Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 20 жыл» медалі (2011)

1 дәрежелі «Еуразия экономикалық одағын құруға сіңірген еңбегі үшін» медалі (13 мамыр 2015, Еуразия экономикалық одағының Жоғарғы кеңесі)

Бөлісу: