Анықтама

Канешев Біржан Бисекенұлы

1218

  

Қазіргі лауазымы:


Туған жылы: 1966 жылы 16 қаңтар

Туған жері: Ресей Федерациясының Саратов қаласында туды

Білімі: Саратов техникалық университетін инженер – экономист (1990) мамандығы бойынша аяқтады,

ҚР Президенті жанында ұлттық мемлекеттік басқарудың жоғары мектебінің Мемлекеттік басқару магистрі (MPA) дәрежесіне ие (1997),

Массачусетс технологиялық университетінің (MIT, Sloan school) (2006) экономика және басқарма магистрі (MBA) дипломына ие


Еңбек жолын 1989 жылы Саратов политехникалық институтында Комсомол комитетінің хатшысы болып бастады.


1990 жылдан бастап РФ автокөлік кәсіпорнында бухгалтер, директордың орынбасары болып жұмыс істеді.


1994-1996 жж Орал қаласы және Батыс Қазақстан облысы әкімдіктерінде құрылымдық бөлімше басшысы болып табылды.


1997-1999 жылдар аралығында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік департаменті директорының орынбасары болды


1999-2001 жж аралығында ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Вице-Министрі, Байланыс және ақпараттандыру комитеті төрағасы лауазымдарын атқарды.


2001-2003 жылдар аралығында ҚР Қауіпсіздік Кеңесінде Хатшылық меңгерушісі, әрі қарай ҚР Президенті әкімшілігінде ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.


2003 жылы ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігін басқарды.


2007 жылы ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының лауазымында жұмыс істеді.


2008 жылы «Самұрық» Қазақстан мемлекеттік активтерді басқару холдингі» АҚ меңгеруші директоры, Басқарма мүшесі


Содан кейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, әрі қарай Маңғыстау облысында инвестициялар және инновациялар мәселесі бойынша әкім орынбасары болды.


2013 - 2017 жж. ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы.


2017-2021 жылдары «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі лауазымында жұмыс істеді.

Бөлісу: