Анықтама

Калайчиди Алексей Дмитриевич

2352

Қазіргі лауазымы: ҚР Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі


Туған жылы: 03.01.1963 жыл

Туған жері: Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік ауылы

Білімі: 1985 жылы Фрунзе политехникалық институтын «Тау-кен инженері» мамандығы бойынша,

1990 жылы КСРО ІІМ Жоғарғы курстарын,

2008 жылы Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Заңтану» мамандығы бойынша бітірген.

Полиция полковнигі


Ішкі істер органдарындағы қызметін 1990 жылдың сәуірінен Шымкент облысы Абай АІІБ қылмыстық іздестіру бөлімшесінің жедел уәкілі болып бастаған.


1990 жылдың сәуірі мен 2005 жылдың мамыры аралығында ішкі істер органдарында әртүрлі орта және аға басшылық құрам лауазымдарында қызмет атқарған.


2005 жылдың мамыры мен 2009 жылдың ақпаны аралығында Министрліктің орталық аппаратында басшылық лауазымдарда қызмет еткен


2005 жылдың мамыры мен 2006 жылдың ақпаны аралығында – Қазақстан Республикасы ІІМ Заң басқармасының бастығы


2006 жылдың ақпаны мен шілдесі аралығында – ІІМ Заң департаменті бастығының орынбасары


2006 жылдың шілдесі мен қазаны аралығында – ІІМ Кадр жұмысы департаменті Жеке құрам жөніндегі инспекцияның бастығы


2006 жылдың қазаны мен 2008 жылдың наурызы аралығында – Жамбыл облысы ІІД бастығының тәрбие және кадр жұмысы жөніндегі орынбасары


2008 жылдың қарашасы мен 2009 жылдың ақпаны аралығында – ІІМ Заң департаментінің бастығы


2009 жылдың ақпаны мен 2016 жылдың маусымы аралығында –Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің инспекторы, сектор меңгерушісі, құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары


2016 жылдың маусымы мен 2019 жылдың қаңтары аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі


2019 жылдың қаңтарынан 2021 жылғы 22 шілдеге дейін – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары


2021 жылғы 22 шілдеде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Қызметте жеткен жетістіктері үшін ІІМ басшылығымен бірнеше рет көтермеленген, «Құрмет» (2012), «Парасат» (2018) ордендерімен және 5 мерекелік медальмен марапатталған.

Бөлісу: