Анықтама

Көшербаев Қырымбек Елеуұлы

3589

Қазіргі лауазымы: 


Әлеуметтік желілерде:

Туған жылы: 1955 жылы 20 мамырда 

Туған жері: Қазалы қаласында өмірге келген. 

Білімі: Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, Қызылорда облысының әкімі (17.01.2013), инженер-құрылысшы, философия ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдар докторы.

1978 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірді.

1991 жылы КОКП Орталық комитетінің жанындағы қоғамдық ғылымдар Академиясының аспирантурасын бітірді. Философия ғылымдарының кандидаты (1991 жыл), Саясаттану ғылымдарының докторы (1997).

Докторлық диссертацияның тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы этносаяси процесті регламентациялау ерекшілігі» («Особенности регламентации этнополитического процесса в Республике Казахстан»).

Бокстан спорт шеберіне үміткер.


1978 - 1979 жылдары Қызылорда қаласында қаласында «Главрисхозстрой» мекемесінде инженер, өндірісті дайындау тобының бастығы.

1979 - 1981 жылдары Бүкілодақтық екпінді комсомол құрылыс штабы Қызылорда облысы күріш инженерлік жүйесінің бастығы.

1981 - 1982 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің комсомолдық екпінді құрылыс ұйымдары секторының меңгерушісі.

1982- 1983 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің жауапты ұйымдастырушысы.

1983 - 1986 жылдары Қазақстан ЛКЖО Қызылорда қалалық комитетінің бірінші хатшысы.

1986 - 1987 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің комсомолдық ұйымдар бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

1987 - 1988 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық комитеті мәдениет бөлімінің меңгерушісі.

1988 - 1991 жылдары Мәскеу қаласында КОКП Орталық комитеті жанындағы қоғамдық ғылымдар Академиясының аспиранты.

1991 жылы Қазақ КСР Президенті Аппаратының мәдениет және ұлтаралық қатынастар Референтурасының референті.

1991 - 1994 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі.

1994 - 1995 жылдары Алматы қаласы Калинин аудандық әкімшілігінің басшысы.

1995 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Аппараты жетекшісінің орынбасары ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

1995 - 1996 жылдары Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппараты жетекшісінің орынбасары аумақтық даму бөлімінің меңгерушісі.

1996 - 1997 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Баспасөз қызметінің жетекшісі.

1997 - 1999 жылдары Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі.

1999 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім беру және спорт министрі.

1999 - 2000 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі.

2000 - 2003 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі.

2003 - 2006 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2006 жылдан 2011 жылдың желтоқсанына дейін Маңғыстау облысының әкімі.

2012 жылдың 13 шілде күні Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

2012 жылдың 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды.

2013 -2019 жылдары Қызылорда облысының әкімі.

2019 жылдың 28 маусымында Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.  

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды.

2022 жылдың 5 қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметінен босатылды.

Бөлісу: