Анықтама

Күмпекеев Әнуар Қайыргелдіұлы

1264

Қазіргі лауазымы: 
 


Әлеуметтік желілерде:

Туған жылы: 1984 жылдың 16 маусымында туған.

Білімі: 2005 жылы М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін экономика бакалавры біліктілігі бойынша тәмамдады.

2007 жылы Бредфорский (Великобритания) университетіндегі экономикалық саясаттың магистрі  дәрежесін  алды.

2016 жылы – Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін тәмамдады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының  түлегі болып табылады.


Еңбек жолын 2005 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика және қаржы департаментінің жетекші маманы болып бастады, Астана қаласы.


2007 жылдан бастап 2008 жылдар аралығында Маркетинг және коммерциялық департаментінің директоры, «ҚР Биотехнология ұлттық орталығы» РМК стратегиялық даму департаментінің директоры, Астана қаласы.


2008 жылдан бастап 2009 жылдар аралығында  коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарда қызмет етті, Астана қаласы.


2009 жылдан бастап 2012 жылдар аралығында Ғылыми-техникалық саясат және нормалау департаментінің директоры, «Тұрғын үй шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарушы директоры – Басқарма мүшесі, Астана  қаласы.


2012 жылдан бастап 2015 жылдар аралығында Ақмола облысы  Степногорск қаласы әкімінің орынбасары.


2015 жылғы мамыр айынан бастап Ақмола облысы Степногорск қаласының әкімі лауазымын атқарды.


2018 - 2019 жылдары Павлодар қаласының әкімі болды.

Бөлісу: